Қалибек Қуанышбаев атындағы театрда «Жеңіс жалауы» әскери-музыкалық спектаклі сахналанды: 22:00, 22 Июня 2021 года - новости на сайте gurk.kz

Қалибек Қуанышбаев атындағы театрда «Жеңіс жалауы» әскери-музыкалық спектаклі сахналанды

Бүгін Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Елорда – өнер өлкесі» атты театрлардың халықаралық шығармашылық кездесуі аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан ән-би ансамблі Қ.Жүнісовтің «Жеңіс жалауы» әскери-музыкалық спектаклін сахналады.

Қойылымның премьерасына Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов қатысты.

Ақтоты Райымқұлова іс-шара барысында театр өнерін жандандыруға үлес қосып жүрген мамандардың еңбегін елеп, алғыс айту мақсатында Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының актрисасы Бақтыгүл Батырханова мен С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облысы академиялык қазақ драма театрының дыбыс режиссері Сәуле Мұстафинаны «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады.

Режиссер Дәурен Серғазиннің жетекшілігімен қойылған спектакль екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақтың ержүрек азаматы, «Халық Қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі жайлы. Сонымен қатар бүгін екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германия әскерінің Кеңес Одағына бас-көктеп кіргеніне тура 80 жыл толып отыр.

«Тарих көрсеткендей, Рейстагқа жеңіс туын тіккендер қатырында көп жауынгердің есімі аталады. Алайда алғашқы болып жеңіс жалауын қадаған Рақымжан Қошқарбаевтың есімі осы күнге дейін тасада қалып жатады. Қойылымды қоюдағы мақсат – ел халқы мен өскелең ұрпаққа Рақымжан атамыз бастаған қазақ жастарының ұлы жеңісті жақындатуға қосқан үлесін, олардың майдан даласындағы ерлігін әспеттеу»,-дейді Дәурен Серғазин.

Источник: Министерство культуры и спорта Республики Казахстан

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

Комментарии

gurk.kz

Бүгін Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Елорда – өнер өлкесі» атты театрлардың халықаралық шығармашылық кездесуі аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан ән-би ансамблі Қ.Жүнісовтің «Жеңіс жалауы» әскери-музыкалық спектаклін сахналады.

Қойылымның премьерасына Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов қатысты.

Ақтоты Райымқұлова іс-шара барысында театр өнерін жандандыруға үлес қосып жүрген мамандардың еңбегін елеп, алғыс айту мақсатында Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының актрисасы Бақтыгүл Батырханова мен С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облысы академиялык қазақ драма театрының дыбыс режиссері Сәуле Мұстафинаны «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады.

Режиссер Дәурен Серғазиннің жетекшілігімен қойылған спектакль екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақтың ержүрек азаматы, «Халық Қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі жайлы. Сонымен қатар бүгін екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германия әскерінің Кеңес Одағына бас-көктеп кіргеніне тура 80 жыл толып отыр.

«Тарих көрсеткендей, Рейстагқа жеңіс туын тіккендер қатырында көп жауынгердің есімі аталады. Алайда алғашқы болып жеңіс жалауын қадаған Рақымжан Қошқарбаевтың есімі осы күнге дейін тасада қалып жатады. Қойылымды қоюдағы мақсат – ел халқы мен өскелең ұрпаққа Рақымжан атамыз бастаған қазақ жастарының ұлы жеңісті жақындатуға қосқан үлесін, олардың майдан даласындағы ерлігін әспеттеу»,-дейді Дәурен Серғазин.

Еще новости региона