Алматы облысы «сары» аймаққа өтті: 15:30, 17 Апреля 2021 года - новости на сайте gurk.kz

Алматы облысы «сары» аймаққа өтті

Алматы облысы «сары» аймаққа өтті

Алматы облысы «сары» аймаққа өтті

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен аудан, қала әкімдері, облыстық басқарма басшылары селекторлық режимде қатысқан жиын өтті.

Жиында алдымен облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы қысқаша баяндады. Б.Байжұмановтың айтуынша, бүгінгі күні облыс «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті. Соңғы 10 күнде сырқат көрсеткішінің төмендегені байқалады, салыстырмалы алғанда 5 сәуірде өсім 1,4 % болса, қазіргі кезде 0,8%  құрап отыр. ПЦР тестілеуден күніне шамамен 3500-ден 5500 адамға дейін өткізіледі. Тәулігіне 250-260 адам ауруханаға жатқызылуда. Және ауруханадан жазылып шыққандар қатары да артып келеді. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі 56 % шамасында. Баяндамашы вакцина жасау барысына да тоқталып өтті. Бүгінгі күні Жамбыл, Іле, Еңбекшіқазақ аудандарында вакцина салдыруға тұрғындар белсенді қатысуда. Ал Ақсу, Ескелді, Қаратал, Сарқан, Райымбек аудандары мен Текелі қаласында  жұмыс әлі де ширатуды қажет етеді.

Осы тұста облыс әкімі Амандық Баталов белсенділігі төмен болып отырған аудандардың әкімдеріне жеке-жеке сұрақ қойып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізуді қатаң тапсырды. Сол сияқты соңғы екі аптада мониторинг топтары тарапынан бір де бір заң бұзушылық анықталмаған Балқаш, Қаратал, Көксу аудандарындағы мониторинг топтарының белсенділігін арттыру керектігін айтты. «Әрине, шектеу шараларын шын мәнінде бұзбаған өңірлер болса, жақсы. Бірақ заң бұзушылықты жасырып-жапса немесе топтар сылбыр жұмыс істесе, ондайға жол берілмеуі керек», - деп қатаң ескертті.

Жиында Талдықорған және Текелі қалаларында індеттің өршіп тұрғандығы бөлек сөз болды. Облыс орталығындағы алдын алу шаралары туралы қала әкімі Ержан Жасыбаев айтты. Қала басшысы КВИ жұқтырған әрбір азаматтың сырқатты қайдан жұқтырғанын анықтап, дезинфекциялау шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Бүгінгі күні саябақтарға дезинфекция жасалуда. Дүйсенбіден бастап қосымша топ ретінде әскери гарнизоннан тағы 50 адам шығып, дезинфекциялау жұмыстарына жұмылдырылмақ. Мешіттерде тарауық намазына жиналатын адамдардың да аз болуын бақылау керектігі имамдарға ескертіліп, құлағдар етілгенін айтты.

Облыс әкімі КВИ-дің таралуына жол бермеу шараларын үздіксіз тұрақты жүргізу керектігін барлық аудан, қала әкімдеріне қайтара ескертті. Бұл бағытта облыстық СЭС жұмысын сынға алып, алдын алу шараларын ширатуды талап етті.

- Әрбір сырқаттың індетті қайдан жұқтырғанын зерттеп, ошақты дезинфекциялап, қарым-қатынаста болғандарды анықтап, 14 күндік карантинде бақылауға алып, жұмыс жүргізуіміз керек. Өткен жылы осындай шаралардың арқасында індеттің бетін қайтардық. Биыл да солай жұмысты еш бәсеңдетпей атқаруымыз керек. Әсіресе, ең бастысы әр сырқаттың қайдан жұқтырғанын зерттеп білу аса маңызды. Әрқайсының мекенжайын, жұмыстан жұқтырса, жұмыс орнын, көлікте жұқтырса, қай автобус, қандай нөмірлі көлік, соның бәрін жіктеп тұрып біліп отыру керек. Одан ары қарайғы қадам - сол ошақты зарарсыздандыру, аурудың ары қарай таралуына жол бермеу. Аудан, қалаларда дезинфекция шаралары тұрақты жүргізілсін. Әсіресе, Алматы қаласы маңындағы аудандар, Талдықорған, Текелі қалаларында жіті бақылауда болсын. Бұл тек аталған аудан-қалаларға ғана қатысты деген сөз емес, барлық әкімдерге қатысты, - деді А. Баталов.

Мұнан кейін облыс басшысы келесі жылыту маусымына дайындық шараларын бастау, көктемгі егіс жұмыстарын үздіксіз, уақытылы жүргізу, мектеп, тұрғын үй және басқа да нысандардың құрылыстарын бақылауда ұстау сияқты негізгі мәселелерді де назардан тыс қалдырмауды тапсырды.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Источник: ​ГУ «Аппарат акима Алматинской области»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Еще новости региона

Комментарии