Ардақты ақынын еске алды: Область Жетісу, 17 Июня 2023 года - новости на сайте gurk.kz

Ардақты ақынын еске алды

Ардақты ақынын еске алды

Ардақты ақынын еске алды

Ардақты ақынын еске алды

Ардақты ақынын еске алды

Ардақты ақынын еске алды

Ардақты ақынын еске алды

Ардақты ақынын еске алды

Ардақты ақынын еске алды

Ардақты ақынын еске алды

Ардақты ақынын еске алды

Кеше облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қатысуымен Талдықорғандағы Б.Римова атындағы драма театрында қарымды қаламгер, талантты ақын Қайрат Әлімбековтің 60 жылдығына орай ақынды еске алу шарасы өтті, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдымен жырсүйер қауым Қаратал ауданында ақынның жерленген жеріне барып, құран оқып, зиярат етті.

Талдықорғандағы Т.Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану музейінде Қ.Әлімбековке арналған бұрыш ашылып, мұнан әрі шара Б.Римова атындағы драма театрында жалғасты.

Театр фойесінде ақынның «Жоқ іздеген жігіт» атты шығармалар жинағының тұсауы кесілді.

Еске алу шарасында қаламгердің өмірі мен шығармашылығы туралы  бейнефильм көрсетіліп, замандастары естеліктер айтты.

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев курстас ақын досы жайлы жылы лебізін білдіріп, артында қалған ұрпақтарына амандық тіледі:

- Биыл жерлес ақынымыз Қайрат Әлімбековті еске алып, 60 жылдық мерейтойына орай тағылымды шаралар ұйымдастырғанды жөн көрдік. Келесі жылдан бастап қаламгерге арнап жыл сайын тұрақты түрде жас ақындардың шығармашылық байқауын өткіземіз. Бұл - ақын рухының жас таланттарды шабыттандыруға, шыңдауға шарапаты тисе деген ниеттегі игі бастама. Жетісу өңірінің қаламгердің кітабын шығарып, ас беріп, еске алу кешін өткізіп жатқаны туған елінің ардақты перзентіне деген зор құрметі, шынайы ықылас-пейілі деп білгейсіздер. Осы сәттен бастап ақынның екінші ғұмыры - мәңгілік ғұмыры басталды деуге болады, - деді Б.Исабаев.

Еске алу шарасына арнайы келген филология ғылымының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қарымды қаламгер Уәлихан Қалижан, Қазақстанның Құрметті журналисі Жақыпжан Нұрғожаев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, ақын Қазыбек Иса, баспагер, журналист Бейсенбай Жолдасбекұлы, ақынның ағасы Жұмағұл Әлімбековтер ақын замандастар бауырлары туралы жылы естеліктерін айтты. Ақын Маралтай Райымбекұлы, Қайрат Әлімбековтің немересі өлең оқыды.

Кеш соңында ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды.

Еске салсақ, Қайрат Әлімбеков небары 43 жасында өмірден өткен талантты ақын, қарымды журналист. Панфилов ауданында туып, Қаратал ауданында ер жеткен. Бірқатар республикалық БАҚ-та қызмет істеген. Оның «Сезімнің гүлі», «Жоқ іздеген жігітпін», «Намыс найзагері», «Махаббатстан» атты өлең кітаптары жарық көрген. Қазақстан жастар сыйлығының лауреаты.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Источник: Акимат области Жетісу

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

Комментарии

gurk.kz

Еще новости региона