Ғарыштық мониторинг жобасы Жетісудың ауыл шаруашылығы үшін тиімді болмақ: Алматинская область, 29 Июля 2022 года - новости на сайте gurk.kz

Ғарыштық мониторинг жобасы Жетісудың ауыл шаруашылығы үшін тиімді болмақ

Ғарыштық мониторинг – пайдаланылмаған егістік алқаптарын, ормандағы өрт қаупін, заңсыз құрылысты анықтауда таптырмас жүйе. Тіпті белгіленбеген қоқыс орындарын да көрсетіп береді. Яғни, қалыптасқан жағдайға байланысты арнайы карталарды әзірлеп, оны күнделікті бақылап отыруға мүмкіндік жасайды.

«Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Шүленбаевтың мәлімдеуінше, геопорталды пайдалану тегін. Толық мағлұмат алуға бар жағдай қарастырылған. Жобаның тиімді тұстары туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың кездесуінде айтылды.

- Ғарыштық мониторинг дәл қазіргі сәтте бізге керек. Әсіресе, су және орман ресурстарын, жер қойнауын пайдалану, ауыл шаруашылығы жерлерінің жай-күйін бақылауға алуда аса маңызды. Тиісті сала басшылары осы жүйені жұмыс барысында тиімді қолдануларына болады, - деді облыс басшысы Б.Исабаев.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Источник: ​ГУ «Аппарат акима Алматинской области»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

Комментарии

gurk.kz

Ғарыштық мониторинг – пайдаланылмаған егістік алқаптарын, ормандағы өрт қаупін, заңсыз құрылысты анықтауда таптырмас жүйе. Тіпті белгіленбеген қоқыс орындарын да көрсетіп береді. Яғни, қалыптасқан жағдайға байланысты арнайы карталарды әзірлеп, оны күнделікті бақылап отыруға мүмкіндік жасайды.

«Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Шүленбаевтың мәлімдеуінше, геопорталды пайдалану тегін. Толық мағлұмат алуға бар жағдай қарастырылған. Жобаның тиімді тұстары туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың кездесуінде айтылды.

- Ғарыштық мониторинг дәл қазіргі сәтте бізге керек. Әсіресе, су және орман ресурстарын, жер қойнауын пайдалану, ауыл шаруашылығы жерлерінің жай-күйін бақылауға алуда аса маңызды. Тиісті сала басшылары осы жүйені жұмыс барысында тиімді қолдануларына болады, - деді облыс басшысы Б.Исабаев.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Еще новости региона