Астанада бокстан «Алаштың арландары» атты Республикалық ашық турнир өтіп жатыр: Город Нур-Султан, 15 Декабря 2022 года - новости на сайте gurk.kz

Астанада бокстан «Алаштың арландары» атты Республикалық ашық турнир өтіп жатыр

Астанада Тәуелсіздік күні қарсаңында бокстан «Алаштың арландары» атты Республикалық ашық турнирі басталды. №83 мектеп-гимназиясында «Көкжал» спорт клубтары бірлестігінің ұйымдастыруымен өтетін бәсеке 18 желтоқсанға дейін жалғасады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Тәуелсіздік күні қарсаңында өтіп жатқан турнир «Алаш арыстарын» еске алуға арналған.

Турнирдің мақсаты жас спортшылар мен спорт сүйер қауым арасында еліміздің тәуелсіздік тарихын, «Алаш арыстарының» отанымыздың алдындағы еңбектерін насихаттау, бүгінгі жетістіктерімізді баянды ету жолында еліміздің болашақ дамуындағы елдік, отандық мұраттар мен қасиеттерді жастарымыздың бойына сіңіру, жастарды отансүйгіштік пен салауатты өмір сүру салтына шақыру болып саналады. Турнир 2007-2012 жылдары туған жастар мен жасөспірімдер арасында өтеді.

Бәсекеге еліміздің барлық облысына, сол сияқты Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінің спорт клубтары қатысады.

Турнир 16 желтоқсан сағат 11:00-де ресми түрде ашылады. Ал 18 желтоқсан күні сағат 14:00-де жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.

Источник: ГУ «Аппарат акима города Нур-Султан»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

Комментарии

gurk.kz

Астанада Тәуелсіздік күні қарсаңында бокстан «Алаштың арландары» атты Республикалық ашық турнирі басталды. №83 мектеп-гимназиясында «Көкжал» спорт клубтары бірлестігінің ұйымдастыруымен өтетін бәсеке 18 желтоқсанға дейін жалғасады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Тәуелсіздік күні қарсаңында өтіп жатқан турнир «Алаш арыстарын» еске алуға арналған.

Турнирдің мақсаты жас спортшылар мен спорт сүйер қауым арасында еліміздің тәуелсіздік тарихын, «Алаш арыстарының» отанымыздың алдындағы еңбектерін насихаттау, бүгінгі жетістіктерімізді баянды ету жолында еліміздің болашақ дамуындағы елдік, отандық мұраттар мен қасиеттерді жастарымыздың бойына сіңіру, жастарды отансүйгіштік пен салауатты өмір сүру салтына шақыру болып саналады. Турнир 2007-2012 жылдары туған жастар мен жасөспірімдер арасында өтеді.

Бәсекеге еліміздің барлық облысына, сол сияқты Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінің спорт клубтары қатысады.

Турнир 16 желтоқсан сағат 11:00-де ресми түрде ашылады. Ал 18 желтоқсан күні сағат 14:00-де жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.

Еще новости региона