Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған ауылында мерекелік іс-шара өтті: 18:00, 07 Апреля 2021 года - новости на сайте gurk.kz

Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған ауылында мерекелік іс-шара өтті

Бүгін Ақмола облысы, Қажымұқан ауылында классикалық күрес шебері, бірнеше дүркін әлем чемпионы, даңқты палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған іс-шара өтті.

Іс-шараға Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев қатысып, елімізде күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының дәстүрін жалғастырушылар қатарын көп екеніне тоқтала келе, күш әдістері түрлерінің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Даңқты палуанның есімін ұлықтау мақсатында ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, әлемнің төрт дүркін рекордсмені, күш атасының дәстүрін жалғастырушының бірі Сергей Цырульников өнер көрсетті.

Ол 37 секундта салмағы 500 килограмм 4 темір тағаны иіп, Гиннестің рекорд кітабындағы үздік нәтижені жаңартты. Бұған дейінгі көрсеткіш 2009 жылы Еуропада тіркелген еді. 12 жыл бұрын литвалық спортшы 2 тағаны 49 секундта иіп, калибрленген тағаларды кеңейтуден рекордсмен атанған болатын. Мәдениет және спорт министрлігінің амбассадоры Сергей Цырульников осынау жетістігін Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арнады. Аталған көрсеткішті Гиннестің рекордтар кітабының тіркеуші офицері жазып, ресми түрде бекітті.

«Бұл тағалар шыңдалған металдан жасалған. Шамамен 940 килограмм салмаққа төтеп бере алатынын арнайы тексердік. Нидерландыда жасалған бұл тағалар беріктігі бойынша әлемде көш басында»,-деді Гиннестің рекордтар кітабының еліміздегі өкілі Қуандық Құдайбергенов.

Кейінгі жылдары Ақмола облысында спорт инфрақұрылымы жақсарып келеді. Бүгінде өңірде 2483 спорт нысаны жұмыс істейді. Дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары, заманауи спорт алаңдары, стадиондар, жаңа спорт залдары ашылып жатыр.

Өңірдегі палуанның туған ауылы да назардан тыс қалған емес. Жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, жақын арада спорт залдың құрылысы басталады.

Источник: Министерство культуры и спорта Республики Казахстан

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Еще новости региона

Комментарии