Ғазиз ғұмыр иесі: Город Астана, 07 Июня 2023 года - новости на сайте gurk.kz

Ғазиз ғұмыр иесі

Ғазиз ғұмыр иесі

Ғазиз ғұмыр иесі

Ғазиз ғұмыр иесі

Ғазиз ғұмыр иесі

Ғазиз ғұмыр иесі

Ғазиз ғұмыр иесі

Ғазиз ғұмыр иесі

Ғазиз ғұмыр иесі

Ғазиз ғұмыр иесі

Ғазиз ғұмыр иесі

Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери іс-қимылдарына қатысқан ардагер Қайсар Бимұратов – саналы ғұмырын Төтенше жағдайлар саласына арнаған жан. Ол Азаматтық қорғау қызметінің қарыштап дамуына өзінше үлес қоса білді. Тәжірибелі маман, құрметті ардагер өзінен кейінгі жас мамандарға үлгі-өнеге көрсетіп, жол нұсқап жүр.

Қайсар Аманғалиұлы Ұлытау облысы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ Жезқазған қаласы Жедел құтқару жасағы бөлімше басшысы болып қызмет етеді. Ол 1980 жылы Қарағанды облысының Жәйрем кентінде дүниеге келген. Кейіпкеріміз 1997 жылы жергілікті Орта мамандандырылған техникалық училищесінде білім алып шығады.

Мамандығы – мақтанышы

Төтенше жағдайлар саласында 20 жылдан астам уақыт қызмет еткен ардагер өзінің асқан жауапкершілігімен, тынымсыз ізденімпаздығымен, батылдығы және еңбекқорлығымен өзгеден ерек. Еселі еңбек еш кетпек емес. Ол «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және түрлі мерекелік медальдармен, Грамота, Алғыс хатпен марапатталған.

– Мен сол кездегі Судан құтқару қызметіне 2002 жылдың ақпан айында келдім. 2015 жылдан бері осы Жедел құтқару жасағында жұмыс істедім. Республикалық және халықаралық оқу-жаттығуларға қатысып, тәжірибе алмасып тұрамыз. Сонымен қатар «Ардагерлер одағының Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың Республикалық қоғамдық бірлестігі» Ұлытау облысы бойынша басшысымын. Бірлестік атынан түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырып отырамыз. Сол үшін «Алтын жүрек» медаліне, көптеген Алғыс хатқа ие болдық, – деді Қайсар Аманғалиұлы сұхбат барысында.

Ол қызметте жауапты маман, білікті басшы. Ал отбасында 8 баланың үлгі тұтар әкесі. Төрт ұлы мен төрт қызы ата-анасының үмітін ақтап, тәрбиелі де білімді болып өсіп келеді. Үлкен ұлы Нұрсерік кезінде Төтенше жағдайлар саласында жұмыс істеген. Кейін алған білімі бойынша басқа қызметке ауысып кетті. Ал тете өскен Мұхаммед және Құрмет Отан алдындағы азаматтық борышын шекара қызметінде бірге өтеп қайтқан екен. Қазір Құрмет Ұлытау облысы ТЖД Жезқазған қаласы Жедел құтқару жасағында қызмет етеді. Қызы Қаламқас Жезқазған қаласы медициналық колледжінің ІІІ курс студенті. Ал Қасиет есімді қызы жергілікті мектептердің бірінде 10-сыныпта оқыса, Раяна атты еркесі 1-сынып оқушысы. Аяна атты 5 жасар қызы мен 3 жасар Тәуекел атты ұлы балабақшаға барады. Жұбайы Тойған жергілікті балабақшада бала күтуші болып жұмыс істейді.

– Мен 1997-1999 жылдар аралығында Алматы облысының Ұйғыр ауданына қарасты Шонжы шекара қызметінің 25-34 әскери бөлімінде Отан алдындағы азаматтық борышымды өтеп қайттым. Ал әскердегі 1998-1999 жылдары өз еркіммен Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдар мен әскери қақтығысқа қатыстым.

Әскерден оралған соң Төтенше жағдай саласына бет бұрдым. Алғашқы қызметтік жылдарымда Сәтбаев қаласындағы Судан құтқару қызметінде марқұм Нұрбала Жәпенұлы Байзақовтың қарамағында сүңгуір-құтқарушы болып қызмет еттім. Аға сүңгуір болып та талай жыл жұмыс істедім. Күн сайын судан адам құтқарып жүргендіктен, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, дер кезінде жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырамыз. Өкінішке орай, кейде адам мәйітін су түбінен алып шығатын да кездеріміз болады.

Мен әскерде жүргенімде әкем Аманғали мезгілсіз қаза болды. Ол жылдар бойы алысқа қатынайтын жүргізуші болып жұмыс істеді. Ал анам Нұрша комутаторда радиотелефоншы болып қызмет еткен. Қазіргі таңда құрметті еңбек демалысында. Немерелерінің сүйікті әжесі. Ағам Қайрат кезінде шахтада жұмыс істеген. Қазір денсаулығына байланысты демалыста. Інім Қуаныш та Сәтбаев қаласында шахтада КАТ машинисті болып жұмыс істейді. Қарындасым Қарлығаш қазір «Ютария» фирмасында қызмет етеді, – деді ол әңгіме барысында.

Қайсар Аманғалиұлы жергілікті әскери дайындық клубының ашылуына ұйытқы бола білді. Оған қоса жас құтқарушыларды Өрт сөндіру-құтқару спорты сайысына дайындайды. Түрлі кездесулерге барып, жастар мен жасөспірімдерді патриоттыққа баулып, әскери дайын болуға үндейді. Ол бос уақытында дәнекерлеу жұмысымен айналысады. Өзінің жеке қайығымен, әкеден қалған КамАЗ көлігімен де жұмыс істейді.

Тәуекелшіл сүңгуір

– Әлі есімде... Жаздың күні... 2007 жыл болатын. Сәтбаев қаласы маңында Айнакөл көлінің асау толқыны жағаны ұрып жатты. Сол күні қатты жел тұрған болатын. Демалушылар желдің екпінін елемей, суға түсіп жатқан еді. Кенет алыстан талып естілген әйел даусына елең ете қалдым. Қарасам, көл ортасында бір батып, бір шығып, әлдекім батып барады екен. Дереу суға күмп ете қалдым. Жеделдетіп жүзіп жеттім де, әлгі егде тартқан әйел адамды арнайы құтқару әдісімен жағаға алып шықпаққа тырыстым. Алайда ішкілік ішіп алған зардап шегуші байбалам салып, маған қарсылық көрсетіп, мені де суға батыра бастады. Бір-екі рет су жұтып та алдым. Жағадан алыстап кетіпті. Дереу бойыма бар күш-жігерімді жинап алып, оны судан алып шықтым, – деді кейіпкеріміз.

Қайсар Бимұратов мұндай құтқару оқиғасының талайында «басты рөлді сомдаған». Өз басына қауіп пен қатер қатар төніп тұрса да, қаншама рет зардап шегушінің өмірін жанкештілікпен құтқарып қалған.

– 2005 жылдың жазы болатын. Біздің қасымызға кішкентай бала жүгіріп келді. Өзі ентігіп тұр. Қолымен көлдің шылау басқан аймағын нұсқап, әлдекімнің батып бара жатқанын айтты. Жағада тұрған маторлы қайықты оталдырып, итеріп суға түсіріп жүруге уақыт тығыз. Дереу шылау басқан аумаққа жүзіп бардым. Қасымда тәжірибелі әріптесім бар. Әлгі орыс ер адам мас болған күйде суға түсіпті. Шылауға әбден оралғаны сонша, тек аузы мен мұрны ғана ашық қалыпты. Содан әл-дәрмені жеткенше айғайлай берген. Әлгі бала естіп қалып, бізге айтқан. Ол өз еркімен шығуға талпынған сайын шылауға одан сайын шырматыла берген. Біз оған қимылдамай тұруын, құтқару барысында біздің үстімізге шығып кетпеуін, қарсылық танытпауын, байбалам салмауын түсіндірдік. Ол өзі де әбден шаршаған екен. Қимылсыз, үнсіз тұрды. Оны шылау басқан аумақтан шығару қиынға соқты. Бар жан-тәнімізбен оны құтқарып алдық. Өзіміз де су жұттық. Менің бір аяғым мен бір қолым суық судан тартылып қалды. Желдің екпіні де күшейе түсті. Әупірімдеп жағаға жеттік-ау. 150 метр қашықтықтағы шылау басқан аумақ пен жағаның арасы тым ұзақ болып көрінді. Жағаға жеткен соң, жедел жәрдем дәрігерінің көмегіне жүгіндік. Олар суда ұзақ уақыт тұрған әлгі ер адамды тексеріп қарады. Маған алғашқы медициналық жәрдем көрсетіп, қан қысымымды өлшеді. Суға батып кете жаздаған осы бір сәттер күні кешегідей есімде қалып қойыпты.

Жалпы, суға мас күйде түсуге қатаң тыйым салынған. Бірақ демалушылар арасында мұны ескермейтіндер табылады. Кесірінен өзінің де, өзгенің де өміріне қауіп төндіреді. Ондайлар ішімдік салдарынан өзін құтқаруға келген құтқарушыны немесе кез-келген адамды сабырсыздығымен суға батыруы мүмкін. Ол құтқарушыны құшақтаймын деп, оны да өзімен бірге суға батырып жатқанын түсінбейді, – деп, құтқарушы-сүңгуір кәсіби маман ретіндегі пікірін білдірді.

Ғазиз ғұмырын құрметті қызметіне арнаған Қайсар Аманғалиұлы өзінен кейінгі жас мамандарға үнемі ағалық ақылын айтып жүреді. Ұлы Отан Соғысы ардагерлерімен теңестірілгени Тәжік-Ауған соғысының ардагері отбасында ұл-қызын ұлтжандылық пен адалдыққа тәрбиелеуде. Ардагердің әр күніне сәттілік тілеп қоштастық.

"Қазақстан құтқарушылары" журналы, № 4(76), сәуір 2023 ж.

Источник: Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

Комментарии

gurk.kz

Еще новости региона