Біліктілікті арттыру - кәсіби деңгейін көтерудің айқын жолы
Ақтөбе өңірі бойынша діни экстремизм мен терроризмге қарсы жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.
Терроризмге қарсы комиссия бастамасымен жақында «Аңсар» Ақпараттық талдау орталығы ақпараттық-түсіндіру топ мүшелеріне арналған семинар ұйымдастырды.
Екі күндік іс-шараны Ақтөбе облысының дін істері басқармасының конфессияаралық қатынас бөлімінің басшысы Мұрат Құлбергенов салтанатты түрде ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Біліктілікті арттыру семинарына Астана қаласы Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталығының бас сарапшысы Салтанат Әлімқұлова оқу-тәжірибесімен бөлісу үшін арнайы шақыртылды. Салтанат Бектемірқызы сабақтың шымылдығын ашып, «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары», «Әлемдегі діни ахуалдың жай-күйі», «Діни экстремизмнің алдын алу: теориялық және практикалық аспектілері» тақырыптарын жан-жақты түсіндірді.
«Көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары» тақырыбында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалының кабинет меңгерушісі Жанипа Құрманова дәріс жүргізсе, «Ихсан» орталығының психологы Эльмира Әділханова психологиялық тренинг өткізіп, жұмыс барысында қолданылатын әдіс-тәсілдермен бөлісті.
Семинардың екінші күнінде «Терроризм идеологиясының қауіптілігі», «Дін мен мемлекет қатынасы» тақырыптарында Л. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінің дінтану ғылымының PhD докторы Мұратбек Дәрібай дәрісі өткізді.
Шараның қорытындысы бойынша қатысқан 60 маманға біліктілігін арттырғаны туралы сертификаттар табысталды.
Материал Ақтөбе қаласының терроризмге қарсы комиссиясы
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
______________________________________________________________
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -