«Батыс» кіші станциясы пайдалануға беріледі: Город Нур-Султан, 12 Февраля 2023 года - новости на сайте gurk.kz

«Батыс» кіші станциясы пайдалануға беріледі

Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов өңірді жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етудің нақты жоспары туралы баяндады.

Тұрғындармен кездескен вице-министр елдегі жағдайды тұрақтандыру үшін жүйелі шараларды қабылдап жатқанын атап өтті.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдың 1 тоқсанында еліміздің барлық ЖЭО және электр желілерінің аудиті аяқталады. Нарық субъектілерін ынталандыру үшін қуаттарды реконструкциялауға және жаңғыртуға инвестициялар бағытталатын болады, «Тарифті инвестицияларға айырбастау» жаңа бағдарламасы әзірленуде, – деді ол.

Өңірлердегі жылумен жабдықтау проблемасын шешуге бағытталған 2023 жылы жаңа заң қабылданбақ. Заң жүйесі ұзақ мерзімді жоспарларды жүзеге асыруға, орталық және жергілікті органдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды жүйелеуге мүмкіндік береді. Қостанай облысында 2022 жылы электр энергиясын өндіру көлемі 1,066 млрд кВтсағ құрады, нақты тұтыну 4,584 млрд кВтсағ.

– Облыста электр энергиясының негізгі көзі Рудный ЖЭО, ол 267 МВт-қа тең. Қостанай облысына электр энергиясының жетіспейтін көлемі Екібастұз-Павлодар энерго кешенінен жеткізіледі, – деді вице-министр.

Жандос Нұрмағанбетовтің айтуынша, осы жылы Қостанай қаласында «Батыс» кіші станциясын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 150 мыңнан астам тұрғын сапалы және үздіксіз электрмен қамтылатын болады. Шарт бойынша жобаның жалпы құны 7,7 млрд теңгені құрайды. Сералы МЫРЗАБАЙ. Суреттерді түсірген Б. КӨРКЕМБАЕВ.

Дерек көзі: https://kostanaytany.kz/archives/118283

Источник: Министерство энергетики Республики Казахстан

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

Комментарии

gurk.kz

Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов өңірді жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етудің нақты жоспары туралы баяндады.

Тұрғындармен кездескен вице-министр елдегі жағдайды тұрақтандыру үшін жүйелі шараларды қабылдап жатқанын атап өтті.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдың 1 тоқсанында еліміздің барлық ЖЭО және электр желілерінің аудиті аяқталады. Нарық субъектілерін ынталандыру үшін қуаттарды реконструкциялауға және жаңғыртуға инвестициялар бағытталатын болады, «Тарифті инвестицияларға айырбастау» жаңа бағдарламасы әзірленуде, – деді ол.

Өңірлердегі жылумен жабдықтау проблемасын шешуге бағытталған 2023 жылы жаңа заң қабылданбақ. Заң жүйесі ұзақ мерзімді жоспарларды жүзеге асыруға, орталық және жергілікті органдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды жүйелеуге мүмкіндік береді. Қостанай облысында 2022 жылы электр энергиясын өндіру көлемі 1,066 млрд кВтсағ құрады, нақты тұтыну 4,584 млрд кВтсағ.

– Облыста электр энергиясының негізгі көзі Рудный ЖЭО, ол 267 МВт-қа тең. Қостанай облысына электр энергиясының жетіспейтін көлемі Екібастұз-Павлодар энерго кешенінен жеткізіледі, – деді вице-министр.

Жандос Нұрмағанбетовтің айтуынша, осы жылы Қостанай қаласында «Батыс» кіші станциясын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 150 мыңнан астам тұрғын сапалы және үздіксіз электрмен қамтылатын болады. Шарт бойынша жобаның жалпы құны 7,7 млрд теңгені құрайды. Сералы МЫРЗАБАЙ. Суреттерді түсірген Б. КӨРКЕМБАЕВ.

Дерек көзі: https://kostanaytany.kz/archives/118283

Еще новости региона