«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы

Государственные учреждения Республики Казахстан

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы

№8 кітапхана филиалында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Болашаққа нық қадам» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Оқушыларды өз республикасын танып-білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Балаларды білімді, жан-жақты болуға үйрету. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу. Оқушыларды алға жаңа мақсат қоя білуге, салауатты өмір салтын ұстауға, өмірге заманауи тұрғыдағы көзқараспен қарауға баулу. Ұлттың бүгіні мен ертеңі белсенді жастардың қолында екені туралы айтып, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алатынын ұғындыру. Кітап көрмесіне: «Ақ желкен» журналы, «Талдықорған» газеті, «Дәстүр» журналы, Уәлихан Қалижановтың «Қазақ әдебиеті және рухани жаңғыру», Тоқбай Исабекұлының «Мен елімді жырлаймын» тәрізді кітаптар мен журналдар қойылды. Кітапхана меңгерушісі А.Қадырова кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.



Источник: https://taldykorgan.gov.kz/



Еще новости региона