Діни сауаттылық – адаспаудың айғағы
Алматы қаласының терроризмге қарсы комиссиясы тұрақты түрде халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады.
Жақында Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Төле би», «Музаммиль», «Әли-Мұхаммед» және «Вайнах» мешіттерінің жамағатымен «Діни сауаттылық – адаспаудың айғағы» тақырыбына дәріс өткізілді.
Сабақ мақсаты – қалалық діни қауымдастықтарың жұмысымен таныстыру және дінге жаңа бет бұрған жастар арасында радикалдық көзқарастар мен сенімдердің таралуына жол бермеу.
Спикерлер ретінде Алматы қаласы «Кеңес беру және оңалту орталығы теологы», дінтану магистрі – Айбар Қойшыбаев пен «Нұр-Мүбарак» университетнің аға оқытушысы, магистр исламтанушы – Нұржан Стамбакиев дәріс оқыды.
Кездесу барысында, мешіт қауымына Қазақстан Республикасының зайырлы мемлекет екені, дәстүрлі дінге жатпайтын түсініктер мен көзқарастарды насихаттауға болмайтыны туралы айтылды. Сонымен қатар, жат ағым ұстанушысының дәстүрлі Ислам өкілінен қандай белгілері арқылы ажыратуға болатынына мысал келтірілді.
Дінтанушылардың айтуынша, психикалық тұрғыдан әлсіз, қатты күйзеліске ұшыраған, тым аңғал және дін саласындағы білімі өте төмен бола тұра, діни мәселелер қарастырылатын діни қоғамдар мен қауымдастықтарға баратын адамдар дәстүрлі емес діни ағым өкілдерінің арбауына жиі түседі. Сонымен қатар, шет елде рухани білім алу кезінде радикалды идеологияның ықпал ету мүмкіндігі зор.
Сабақ соңында тыңдаушыларға шет елдік күмәнді теологиялық оқу орындары айтылды.
Өткізілген іс-шара тыңдаушылардың діни сауаттылығын арттыруға және радикалды идеологияларға иммунитетті қалыптастыруға үлесін қосты.
Материал Алматы қаласының терроризмге қарсы комиссиясы
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
______________________________________________________
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -