Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс әкімінің қолдауымен «Рухани керуен» жобасы 2017 жылы бастау алған болатын

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс әкімінің қолдауымен «Рухани керуен» жобасы 2017 жылы бастау алған болатын. Облыстық дін істері басқармасының жетекшілігімен жүргізілер аталмыш жобаның III кезеңі салтанатты түрде ашылды.

Өткен жылы 12 бағыт бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 200-ден астам шара ұйымдастырылды. «Рухани керуен» сапары тасын түртсең, тарихтан сыр шертер Тараз өңіріне табан тіреп, Жамбыл облысы мен Алматы облысының дін істері басқармалары мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыру мақсатында меморандумға қол қойды. «Рухани керуен: жаңғыру жолындағы жарқын істер» атты танымдық кітап жарық көрді. Ағымдағы жылы облысымыздың шекара аймақтарында 6 бағыт бойынша іс-шара өткізу жоспарлануда. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын, әріптестік байланысты нығайту, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында «Рухани керуен» аймағымызға қарасты барлық елдімекенді аралап, қазан айында киелі Түркістанға жол тартпақ.

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Р.Есдәулетов «Рухани керуен» діннің асыл құндылықтарын, қазақ халқының ежелден келе жатқан төл сипатын, болмысын, тарих қойнауында жатқан мәдениетін әспеттеп, руханиятын асқақтатуда жүзеге асырылуда. Мемлекетіміздің рухани тірегі, дініміздің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын насихаттау, деструктивті діни ағымдарға қарсы күресу, туған жерге деген патриоттық сезімді арттыру мақсатында игілікті шара тұрғындардың сұранысы бойынша биыл да жұмысын жалғастырады. Керуен құрамында әр саланың 30-ға жуық білікті маманы бар. Баршамыздың ел болашағы, ұрпақ келешегі жолындағы жоспарларымызға береке берсін»-деп белсене атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.Айта кетейік, аталмыш басқарма тағылымы мол тарихымызды қастерлеу, халықтың діни сауаттылығын арттыруға бағытталған «Дін және мәдениет – руханият әлемі» қоғамдық-саяси газетін жарыққа шығаруда.

Источник: https://taldykorgan.gov.kz/

Еще новости региона