Көксу аудандық ауруханасында орнатылған PACS жүйесіне цифрлық даму министрі оң баға берді: Алматинская область, 30 Июля 2022 года - новости на сайте gurk.kz

Көксу аудандық ауруханасында орнатылған PACS жүйесіне цифрлық даму министрі оң баға берді

Жетісу облысы Көксу аудандық орталық ауруханасына пилоттық жоба ретінде енгізілген  орталықтандырылған PACS жүйесі онкологиялық ауруларды ерте кезден анықтауға зор ықпал етіп отыр. Бүгін Жетісу облысына жасаған сапары барысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ауруханада орнатылған бұл жүйеге жоғары баға берді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы мен «WDSOFT» ЖШС компаниясы бірлесіп мемлекеттік-жекеменшік әрістептік аясында іске асырған, ТМД аумағында теңдесі жоқ осы жүйе компьютерлік, магнитті-резонанстық томография, рентгенография, маммография сияқты бірқатар радиологиялық зерттеулерді орталықтандырып, Жетісу және Алматы облыстарының 30 медициналық мекемесінің ақпараттық базасын бір жерге тоғыстырды. Ауруханаға цифрлық жоба енгізілген соңғы 4 жылда осы жүйе арқылы 1 млн. 520 мың радиологиялық зерттеулер жасалған. Жүйе өңірдегі радиолог мамандардың жетіспеушілігі мәселесін реттеуге, диагностика сапасын жақсартуға, онкологиялық ауруларды ерте кезден анықтауға, білікті мамандардың ой-пікірлерін қашықтан алуға, ақпаратты жылдам жинақтауға мүмкіндік беріп отыр.

Жасанды интеллектіні пайдалану өкпе мен сүт безінің сырқаттарын ерте анықтауды 20%-тен 82%-ке дейін арттырды.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Источник: ​ГУ «Аппарат акима Алматинской области»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

Комментарии

gurk.kz

Жетісу облысы Көксу аудандық орталық ауруханасына пилоттық жоба ретінде енгізілген  орталықтандырылған PACS жүйесі онкологиялық ауруларды ерте кезден анықтауға зор ықпал етіп отыр. Бүгін Жетісу облысына жасаған сапары барысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ауруханада орнатылған бұл жүйеге жоғары баға берді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы мен «WDSOFT» ЖШС компаниясы бірлесіп мемлекеттік-жекеменшік әрістептік аясында іске асырған, ТМД аумағында теңдесі жоқ осы жүйе компьютерлік, магнитті-резонанстық томография, рентгенография, маммография сияқты бірқатар радиологиялық зерттеулерді орталықтандырып, Жетісу және Алматы облыстарының 30 медициналық мекемесінің ақпараттық базасын бір жерге тоғыстырды. Ауруханаға цифрлық жоба енгізілген соңғы 4 жылда осы жүйе арқылы 1 млн. 520 мың радиологиялық зерттеулер жасалған. Жүйе өңірдегі радиолог мамандардың жетіспеушілігі мәселесін реттеуге, диагностика сапасын жақсартуға, онкологиялық ауруларды ерте кезден анықтауға, білікті мамандардың ой-пікірлерін қашықтан алуға, ақпаратты жылдам жинақтауға мүмкіндік беріп отыр.

Жасанды интеллектіні пайдалану өкпе мен сүт безінің сырқаттарын ерте анықтауды 20%-тен 82%-ке дейін арттырды.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Еще новости региона