Казахстан и Украина во второй раз сыграли вничью: Город Нур-Султан, 01 Сентября 2021 года - новости на сайте gurk.kz

Казахстан и Украина во второй раз сыграли вничью

Бүгін 2022 жылы Катарда өтетін футболдан Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан құрамасы өз алаңында Украинамен кездесіп, 2:2 есебімен тең түсті.

Голдар: Руслан Валиуллин 74 пен 90+6 минутта - Роман Яремчук 2 мин, Даниил Сикан 90+3 мин.

Матч басында, небәрі екінші минутта Роман Яремчук қазақстандық ойыншылардың қателігін тиімді пайдаланып есеп ашты. Осыдан кейін ойын екі құрама алма кезек шабуылдаумен болды. Десе де бірінші таймда есеп өзгеріссіз қалды.

Ал ойынның екінші бөлігін Қазақстан құрамасы қарқынды бастағанымен гол салатын мүмкіндік қарсыласта болды. Бірақ Стас Покатилов бетпе-бет келген қос украиналықтың есепті еселеуіне жол берген жоқ.

Ал 74-минутта Асхат Тағыберген әуелете берген пастан кейін Руслан Валиуллин құрама жейдесінде алғашқы голын салды. Осыдан кейін Украина футболшылары ширақ қимылдап, шабуылға ден қойды. Төреші қосқан уақытта қақпа алдындағы қарбаласта тыңнан қосылған Даниил Сикан құрамасына жеңіс сыйлағандай болған-ды. Алайда соңғы минутта қорғаушы Руслан Валиуллин дубль жасап, құрама сапындағы үшінші ойында екінші голын торда тулатты.

Үш турдан кейін Қазақстан құрамасы 2 ұпай жинап, төртінші орынға көтерілсе, Украина төрт ұпаймен Франциядан кейін екінші сатыда қала берді.

Екі құрама былтыр алғашқы кездесуде 1:1 тарқасқан. Негізі Қазақстан мен Украина құрамасы алғаш рет 2004 жылы 8 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда ойнап, 1:2 есебімен қонақтар басым түскен. Бүгінгімен қосқанда 6 кездесудің 4-еуінде Украина жеңіске жетсе, екінші рет тең түсіп отыр.

Қазақстан мен Украинадан бөлек, D тобында Франция, Финляндия, Босния және Герцеговина құрамасы бар. «Астана-Арена» стадионында өткен ойынды алаң жиегінен 6 мыңнан астам жанкүйер тамашалады.

Источник: Министерство культуры и спорта Республики Казахстан

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

Комментарии

gurk.kz

Бүгін 2022 жылы Катарда өтетін футболдан Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан құрамасы өз алаңында Украинамен кездесіп, 2:2 есебімен тең түсті.

Голдар: Руслан Валиуллин 74 пен 90+6 минутта - Роман Яремчук 2 мин, Даниил Сикан 90+3 мин.

Матч басында, небәрі екінші минутта Роман Яремчук қазақстандық ойыншылардың қателігін тиімді пайдаланып есеп ашты. Осыдан кейін ойын екі құрама алма кезек шабуылдаумен болды. Десе де бірінші таймда есеп өзгеріссіз қалды.

Ал ойынның екінші бөлігін Қазақстан құрамасы қарқынды бастағанымен гол салатын мүмкіндік қарсыласта болды. Бірақ Стас Покатилов бетпе-бет келген қос украиналықтың есепті еселеуіне жол берген жоқ.

Ал 74-минутта Асхат Тағыберген әуелете берген пастан кейін Руслан Валиуллин құрама жейдесінде алғашқы голын салды. Осыдан кейін Украина футболшылары ширақ қимылдап, шабуылға ден қойды. Төреші қосқан уақытта қақпа алдындағы қарбаласта тыңнан қосылған Даниил Сикан құрамасына жеңіс сыйлағандай болған-ды. Алайда соңғы минутта қорғаушы Руслан Валиуллин дубль жасап, құрама сапындағы үшінші ойында екінші голын торда тулатты.

Үш турдан кейін Қазақстан құрамасы 2 ұпай жинап, төртінші орынға көтерілсе, Украина төрт ұпаймен Франциядан кейін екінші сатыда қала берді.

Екі құрама былтыр алғашқы кездесуде 1:1 тарқасқан. Негізі Қазақстан мен Украина құрамасы алғаш рет 2004 жылы 8 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда ойнап, 1:2 есебімен қонақтар басым түскен. Бүгінгімен қосқанда 6 кездесудің 4-еуінде Украина жеңіске жетсе, екінші рет тең түсіп отыр.

Қазақстан мен Украинадан бөлек, D тобында Франция, Финляндия, Босния және Герцеговина құрамасы бар. «Астана-Арена» стадионында өткен ойынды алаң жиегінен 6 мыңнан астам жанкүйер тамашалады.

Еще новости региона