МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ: Туркестанская область, 09 Сентября 2021 года - новости на сайте gurk.kz

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары Әл-Фараби ауданында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Аудан әкімі Рашид Мыңбаев құрылысы қарқынды жүріп жатқан нысандардағы жұмыс барысын баяндады. Халық қалаулылары ең алдымен төменгі Отырар шағынауданының 38, 40, 13/1 және 13/1 А аулаларында соғылып жатқан балалар алаңшаларына барды. Бүгінде онда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Аталған аулаларда тұрғындардың жайлылығы үшін орындықтар, бастырма, қоқыс жәшіктері, заманауи үлгідегі ойын элементтері орнатылуда. Сондай-ақ, мәслихат депутаттары демеуші есебінен салынып, мамыр айында пайдалануға берілген Әлімбетов көшесі 45 В мекенжайда орналасқан спорт алаңшасын көрді. Әл-Фараби ауданында Серік Төлбасовтың демеушілігімен жалпы 7 спорт алаңшасын салу жоспарланған. Оның 4-і халық игілігіне берілсе, 3-і күз мезгілінде салынбақ. Қалалық мәслихат депутаттары Данабек Исабеков, Әйгерім Жұмағұлова, Қайрат Сүлейменов жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тексеру мақсатында «Қуатжылуорталығы-3» жылу қазандығын да аралап көрді. Жылыту қондырғылары мен қазандықтардың техникалық жылыту жүйесімен танысты. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник: ​ГУ "Аппарат акима города Шымкент"

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

Комментарии

gurk.kz
Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары Әл-Фараби ауданында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Аудан әкімі Рашид Мыңбаев құрылысы қарқынды жүріп жатқан нысандардағы жұмыс барысын баяндады. Халық қалаулылары ең алдымен төменгі Отырар шағынауданының 38, 40, 13/1 және 13/1 А аулаларында соғылып жатқан балалар алаңшаларына барды. Бүгінде онда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Аталған аулаларда тұрғындардың жайлылығы үшін орындықтар, бастырма, қоқыс жәшіктері, заманауи үлгідегі ойын элементтері орнатылуда. Сондай-ақ, мәслихат депутаттары демеуші есебінен салынып, мамыр айында пайдалануға берілген Әлімбетов көшесі 45 В мекенжайда орналасқан спорт алаңшасын көрді. Әл-Фараби ауданында Серік Төлбасовтың демеушілігімен жалпы 7 спорт алаңшасын салу жоспарланған. Оның 4-і халық игілігіне берілсе, 3-і күз мезгілінде салынбақ. Қалалық мәслихат депутаттары Данабек Исабеков, Әйгерім Жұмағұлова, Қайрат Сүлейменов жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тексеру мақсатында «Қуатжылуорталығы-3» жылу қазандығын да аралап көрді. Жылыту қондырғылары мен қазандықтардың техникалық жылыту жүйесімен танысты. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Еще новости региона