Нарынқолда Мұқағали ескерткіші ашылды: Алматинская область, 02 Октября 2021 года - новости на сайте gurk.kz

Нарынқолда Мұқағали ескерткіші ашылды

Нарынқолда Мұқағали ескерткіші ашылды

Нарынқолда Мұқағали ескерткіші ашылды

Нарынқолда Мұқағали ескерткіші ашылды

Нарынқолда Мұқағали ескерткіші ашылды

Нарынқолда Мұқағали ескерткіші ашылды

Нарынқолда Мұқағали ескерткіші ашылды

Нарынқолда Мұқағали ескерткіші ашылды

Нарынқолда Мұқағали ескерткіші ашылды

Нарынқолда Мұқағали ескерткіші ашылды

Нарынқолда Мұқағали ескерткіші ашылды

Нарынқолда Мұқағали ескерткіші ашылды

Нарынқолда Мұқағали ескерткіші ашылды

Бүгін ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай Мелекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Хантәңірі мұзбалағының туған жері Қарасазда болып, ауыл тұрғындарымен кездесті, сол сияқты музейге ақынның қобызын тапсырды. Осы күні Нарынқол ауылында 50 отбасына жаңа үйлердің кілті тапсырылды. Орталық алаңда алып тұлғаның еңселі ескерткіші ашылды. Мерейтойлық шараларға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ақынның ұлы мен келіні Жұлдыз Мақатаев пен Бақытгүл Айдарова, ТҮРКСОЙ ұйымының өкілдері, Парламент депутаттары, ел зиялылары және аудан жұртшылығы қатысты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мерекелік шараны «Хантәңірі» халық театры ақынның өмірі мен шығармашылығын негізге ала отырып дайындаған «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін» атты сахналанған көрінісімен ашты.

Мұнан соң еңселі ескерткіштің лентасы қиылып, ресми ашылу рәсімі атқарылды. Тұғырына қондырылған ақын мүсініне гүл шоқтары қойылып, құрмет көрсетілді.

Мерейтойлық шараның мән-маңызына Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев өз сөзінде кеңінен тоқталды. «Мұқағали - жырдың асыл қазынасы. Ол - өткен мен жаңаның арасын жалғаған алтын көпір. Елбасы мен Президенттің бастамасымен ақынның ғасырлық тойын ЮНЕСКО көлемінде өткізуге ұсыныстар дайындалуда. Бүгінгі той құтты болсын. Халқымыздың рухы Мұқағали жырларындай таза, Хантәңіріндей асқақ, Көлсайдай көрікті болсын», - деген Қ.Көшербаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтауын оқып, табыстады.

Мұнан соң Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, ТҮРКСОЙ ұйымының өкілі Атагелді Күлтегін Мұқағалидың – қазақтың ғана емес, тұтас түркі әлемінің, адамзаттың ақыны екенін тілге тиек етіп, тойдың рухани маңызын ерекше атап өтті.

Облыс әкімі Амандық Баталов шекаралық аймаққа көрсетілген қолдауларға тоқталды:

- Ақиық ақынымыз  Мұқағалидың 90 жылдық мерейтойы үлкен деңгейде аталып өтілуде. Президент тойға өз құттықтауын, көпшілікке ыстық сәлемін жолдады. Елбасының қолдауымен 2 ауданды бөлу арқылы Райымбек ауданының қайта құрылып, бүгінде гүлденіп жатқанын мақтанышпен айтамыз. Бұл – Тәуелсіздіктің жемісі. Қазір шекаралық аумақтағы ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайы жақсарып келеді, қаншама жаңа нысандар бой көтерді, жаңа үйлер салынды. 500-ден астам отбасы Нарынқолға қайта көшіп келді. 2 жарым мың жас туған жеріне оралды. Мұқағалидай ақыны бар қазақ халқы бақытты. Ақынның рухы жас ұрпақты қолдап жүрсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын, - деді А.Баталов.

Парламент депутаты, ақын Мақпал Мыса, Мұқағалидың ұлы Жұлдыз Мақатаев ақын рухына арнап өз өлеңдерін оқыды. Бұдан әрі мерейтой Орталық алаңда ақынның сөзіне жазылған әндердің Гала концертімен жалғасты.

Атап өтсек, ескерткішті дайындауға облыстық бюджеттен 61,1 млн. теңге жұмсалды. Жұмысты мердігер ұйым «Тайқазан» ЖШС атқарды. Ескерткіш қоладан құйылған, тұғыры граниттен дайындалған. Жалпы ескерткіштің биіктігі – 8,2 м, авторы – сәулетші А.Рүстембеков, мүсіншісі – Қ.Кәкімов.

Ескерткіш орнатылған орталық саябақтағы алаңды абаттандыруға зор мән берілген. Осы мақсатқа өңір бюджетінен 70,1 млн. теңге қарастырылып, аумақ көгалдандырылды, суару жүйесі жүргізілді, жарық шамдары орнатылды, шағын сәулеттік формалар қойылды.

Сондай-ақ осы күні Нарынқол ауылында 50 отбасы баспаналы болды. Жаңа қоныс иелеріне тұрғын үй кілттері салтанатты жағдайда тапсырылды. Нарынқол ауылында салына бастаған 83 үйдің 33-і бұған дейін тапсырылған болатын. Ал бүгін жобаның 3 және 4-ші кезеңдері аяқталып, беріліп отыр. Тұрғын үйлерді «Гунн Строй Сервис» ЖШС медігер ұйымы салған, әр үйдің алаңы 100 ш.м, жер учаскесі – 10 сотық. 3 бөлмелі үйлерде суық су, ыстық су жүйесі тартылған, қолайлы өмір сүруге қажетті жағдайлар жасалған. Жобаның жалпы құны – 1,1, млрд. теңге.

Ресми қонақтар осы күні Нарынқолда жаңадан тұрғызылып, пайдалануға берілген Спорттық-сауықтыру кешінде де болып, оның материалдық-техникалық жағдайымен танысты, жас споршылармен тілдесіп, балаларға ойын доптарын сыйға тартты.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Источник: ​ГУ «Аппарат акима Алматинской области»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

Комментарии

gurk.kz

Еще новости региона