Облыс бюджетіне өзгерістер енгізілді: Алматинская область, 02 Июня 2022 года - новости на сайте gurk.kz

Облыс бюджетіне өзгерістер енгізілді

Облыс бюджетіне өзгерістер енгізілді

Облыс бюджетіне өзгерістер енгізілді

Облыс бюджетіне өзгерістер енгізілді

Облыс бюджетіне өзгерістер енгізілді

Облыс бюджетіне өзгерістер енгізілді

Облыс бюджетіне өзгерістер енгізілді

Облыс бюджетіне өзгерістер енгізілді

Облыс бюджетіне өзгерістер енгізілді

Бүгін облыстық мәслихаттың кезекті XIX сессиясы өтті. Онда облыс бюджетінің 2021 жылдағы орындалуы, облыстық мәслихаттың «Алматы облысының 2022-2024 жылдардағы бюджеті туралы» 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 12-59 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және басқа да мәселелер қаралды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиынға қатысқан облыс әкімінің міндетін атқарушы Лаззат Тұрлашов індеттің салдары өткен жылдың нәтижелеріне әсер еткенімен, дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында өңірде өткен жылы экономиканың өсу қарқыны 7,6% болғанын атап өтті. Оның айтуынша, қолданыстағы бағдарламалар аясында мемлекеттік қолдаудың арқасында өткен жылы шағын кәсіпкерлік саласында оң динамика сақталды. Мәселен, ЖӨӨ-дегі шағын, орта бизнестің үлесі 5% жетті. Агроөнеркәсіп кешенін қолдауға бюджеттен 53 млрд. теңге бөлінді, оның 47 млрд. теңгесі субсидияға жұмсалды. Өткен жылы бюджет шығыстарының басым бөлігі өңірдің әлеуметтік дамуына бағытталған. Мұндай оң шешімде облыстық мәслихат депутаттарының үлесі бар. Сондықтан осы жиында Л.Тұрлашов оларға бүгінге дейін жергілікті атқарушы органмен қоян-қолтық жұмыс істеп, өңірдің дамуына бір кісідей атсалысқандарына алғысын білдірді.

Сессия барысында 2021 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы облыс бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Мейрам Мұсаев баяндама жасады. Баяндамашының хабарлауынша, шығындар бойынша облыс бюджетінің параметрлері 98,9% орындалған. Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қазына қаражатын толық әрі тиімді игермеуінің бір себебі – қаржылық жыл ішінде игеруге мүмкіндік жоқ сомаларды басқа мақсаттарға бағыттамай, игерілуін жыл соңына дейін қалдырып қойған. 2021 жылы бюджеттік инвестицияның ең үлкен үлесі өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларына бағытталған, яғни 23,3%. Бірақ бюджеттік инвестициялық жобалардың тиімді аяқталуын қамтамасыз ету кемшін. Сол сияқты дебиторлық қарыздар елеулі деңгейде ұлғайған.  Баяндамашы қаржылық құқық бұзушылық деректерге де тоқталып, осы және басқа да өзекті мәселелерге байланысты қабылдануы тиіс іс-шараларды жіктеп айтып берді. Яғни әрбір бюджеттік бағдарлама әкімшісі өздерінде анықталған кемшіліктер мен құқық бұзушылықтардың себебін талдап, олардың алдын алу шараларын қабылдауы керек.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов бюджетке енгізілетін өзгерістер жайлы айтып берді. Ол өткен 5 айдың қорытындысы бойынша кірістер көлемі 117,8% орындалғанын ескере отырып жасалған болжамды есептеулер негізінде кіріс бюджетінің көлемін 22 млрд. теңгеге арттыруды ұсынды. Бұл ретте Алматы облысының бюджетіне қосымша 97,1 млрд. теңге бөлінгенін айта кету керек.

Басқарма басшысы бюджет шығыстарын нақтылау бойынша депутаттар қарауына бірқатар ұсыныстар енгізді. Атап айтқанда, білім саласында нысандарды жөндеу жұмыстарына, соның ішінде Алакөл ауданының Жалын қала сыртындағы лагерін қайта жаңартуды аяқтауға, мүмкіндігі шектеулі адамдардың білім мекемелеріне кедергісіз кіруі үшін пандус орнатуға, сұранысқа ие мамандықтар бойынша жастарды тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз етуге қаржы қарастырылып отыр.

Сол сияқты Алакөл ауданы Еңбекші ауылында, Енбекшіқазақ ауданы Көлді ауылында, Райымбек ауданы Ақбейіт ауылында, Жамбыл ауданының Үлгілі, Арқарлы ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункттер салу үшін блокты-модульді конструкциялар алынады. Сол сияқты Райымбек ауданы Көмірші ауылында медициналық пункт, Алакөл ауданы Қамысқала ауылында ФАП салынады.

ТҮКШ бағытында сумен жабдықтау, кәріз, жылыту жүйелерін және электр желілерін күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 631,8 млн.теңге, облыстың елді мекендерін жерасты су қорларымен қамтамасыз ету үшін іздестіру-барлау жұмыстарына 231,3 млн.теңге, азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге 120 млн.теңге,  жылу маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдардың отын сатып алуға арналған шығындарын субсидиялауға 10 млн.теңге, сонымен бірге абаттандыру, көгалдандыру, электрмен және газбен жабдықтау, инженерлік инфрақұрылым желілерін жүргізу, басқа да қажеттіліктер үшін де қаржы қарастырылып отыр. Сол сияқты су шаруашылығы, мемлекет мұқтаждығы үшін жер сатып алу, жолдарды орташа және күрделі жөндеу жұмыстары да қаржыландырылады.

Ж.Әмірхановтың ұсыныстарына депутаттар бірауыздан қолдау білдірді.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Источник: ​ГУ «Аппарат акима Алматинской области»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

Комментарии

gurk.kz

Еще новости региона