Облыс әкімі әлеуметтік бағыттағы мәселелер бойынша кеңейтілген жиын өткізді: 23:00, 28 Апреля 2021 года - новости на сайте gurk.kz

Облыс әкімі әлеуметтік бағыттағы мәселелер бойынша кеңейтілген жиын өткізді

Облыс әкімі әлеуметтік бағыттағы мәселелер бойынша кеңейтілген жиын өткізді

Облыс әкімі әлеуметтік бағыттағы мәселелер бойынша кеңейтілген жиын өткізді

Облыс әкімі әлеуметтік бағыттағы мәселелер бойынша кеңейтілген жиын өткізді

Облыс әкімі әлеуметтік бағыттағы мәселелер бойынша кеңейтілген жиын өткізді

Облыс әкімі әлеуметтік бағыттағы мәселелер бойынша кеңейтілген жиын өткізді

Облыс әкімі әлеуметтік бағыттағы мәселелер бойынша кеңейтілген жиын өткізді

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен кеңейтілген жиын өтті. Отырысқа әкім орынбасарлары, салалық басқарма басшылары мен онлайн селекторлық режимде қала, аудан әкімдері қатысты.Кеңейтілген жиында екі мәселе қаралды. Алғашқысы жылу маусымын қорытындылау және алдағы міндеттерді айқындау бағытына арналды. Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Нұрмағанбетов аймақтағы жылу беру маусымы кезеңіндегі атқарылған негізгі жұмыстарды баяндады. Жыл ішінде облыстағы 1185 әлеуметтік нысан мен орталық жылуға қосылған 784 қөпқабатты тұрғын үй жылумен қамтылды. Бұл ретте әлеуметтік нысандарға қажетті 40 мың тонна көмір, 26 мың тонна дизельдік отын қоры мерзімінде жасақталып, тұрғындарға қажетті 164 мың тонна көмір отыны толық жеткізілген. Руслан Нұрмағанбетов электр энергияларынан болатын ақаулардың мәселелері, тұрғын үйлерге жылу, су, электр есептеуіш құрылғыларды орнату бойынша нақты жағдайды тізбектеді. Сондай-ақ, алдағы жылу беру кезеңінде іске асырылатын жұмыстарға тоқталды. Алдағы жылу маусымында 5 шақырым жылу, 1447 шақырым электр, 2 шақырым су және кәріз, 2307 шақырым газ желілері жөнделеді. Мұнан бөлек, Қызылорда жылу электр орталығы мен 13 қазандық жөндеуден өтпек. Отырыста аймақ басшысы бірқатар жылу-энергия кәсіпорындары басшыларына негізгі проблемалық мәселелерді айқындап алуды, нақты механизмге сай жұмыс жасау қажеттігін қаперге салды. Жылу, энергетика бағытындағы жұмыстарды саралаған облыс әкімі сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, 2020-2021 жылғы жылу беру маусымында жіберілген кемшіліктерге талдау жасап, алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының кестесін әзірлеп, тиісті шараларды ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін толық аяқтауды, әлеуметтік нысан қазандықтарын қолданыстағы нормаларға сәйкестендіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандар бойынша қажетті отын қорын жасақтауды, коммуналдық төлемдерді жинақтау, мекемелер арасындағы берешек қарыздарды болдырмау мақсатында тиісті жұмыстардың жүргізілуін бақылауға алуды жүктеді. Тізбектелген тапсырмалардың орындалуын бақылауға алуды орынбасары Серік Сүлейменовке тапсырды.Жиында қаралған екінші мәселе - мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту. Оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға облыс аумағындағы нысандарды бейімдеу мәселесі қаралды. Бұл бағытта облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гаухар Қалмақова негізгі басымдықтарға тоқталды. Жалпы облыста 30 мыңнан астам мүгедектігі бар адамдар бар. Биылдан бастап мүгедектігі бар адамдар техникалық оңалту құралдары мен қызметтерін толығымен Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы алуда. Облыста жеке оңалту бағдарламасы әзірленген 11061 мүгедектігі бар адамдардың 9013-і электронды цифрлық қолтаңбамен қамтамасыз етілген. Нәтижесінде, әлеуметтік қызметтер порталына жіберілген жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы 65%-ды құрап, республика бойынша өңір 3-ші орынға шықты.Жиында облыс аумағындағы нысандарды бейімдеу жұмыстарының барысы талқыланды. Өңірде ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін бейімдеу және әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерін жақсарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағытта 2021-2025 жылдарды көздейтін әкімдік пен Еңбек министрлігімен 1294 инфрақұрылым объектілерін бейімдеуден өткізу жоспары бекітілген. Оның ішінде биылғы жылға жоспарланған 258 объектінің 243-і мемлекеттік мекеме, қалғаны жеке сектордың үлесінде. Нысандардың қолжетімділігі мониторинг жүргізу бойынша Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері жанынан жұмысшы топтар құрылған. Нәтижесіне қарай бейімдеуге қажетті қаржы көлемі нақтыланатын болады.Кеңейтілген жиынды қорытындылаған облыс әкімі сала басшысына жұмысты үйлестіру бағытында бірқатар тапсырмалар берді.- Облыс аумағындағы нысандарды бейімдеу жұмыстары бойынша Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласы әкімдеріне жыл аяғына дейін жоспарланған объектілердің бейімделуіне қажетті қаржы көлемін нақтылап, тартылатын қаржы көздерін шешуді тапсырамын. Бұл жұмыстарды үйлестіруді орынбасарым Балжан Шәменоваға жүктеймін,-деді Гүлшара Әбдіқалықова.



Источник: ГУ «Аппарат акима Кызылординской области»


Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz
<p align="justify">Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен кеңейтілген жиын өтті. Отырысқа әкім орынбасарлары, салалық басқарма басшылары мен онлайн селекторлық режимде қала, аудан әкімдері қатысты.Кеңейтілген жиында екі мәселе қаралды. Алғашқысы жылу маусымын қорытындылау және алдағы міндеттерді айқындау бағытына арналды. Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Нұрмағанбетов аймақтағы жылу беру маусымы кезеңіндегі атқарылған негізгі жұмыстарды баяндады. Жыл ішінде облыстағы 1185 әлеуметтік нысан мен орталық жылуға қосылған 784 қөпқабатты тұрғын үй жылумен қамтылды. Бұл ретте әлеуметтік нысандарға қажетті 40 мың тонна көмір, 26 мың тонна дизельдік отын қоры мерзімінде жасақталып, тұрғындарға қажетті 164 мың тонна көмір отыны толық жеткізілген. Руслан Нұрмағанбетов электр энергияларынан болатын ақаулардың мәселелері, тұрғын үйлерге жылу, су, электр есептеуіш құрылғыларды орнату бойынша нақты жағдайды тізбектеді. Сондай-ақ, алдағы жылу беру кезеңінде іске асырылатын жұмыстарға тоқталды. Алдағы жылу маусымында 5 шақырым жылу, 1447 шақырым электр, 2 шақырым су және кәріз, 2307 шақырым газ желілері жөнделеді. Мұнан бөлек, Қызылорда жылу электр орталығы мен 13 қазандық жөндеуден өтпек. Отырыста аймақ басшысы бірқатар жылу-энергия кәсіпорындары басшыларына негізгі проблемалық мәселелерді айқындап алуды, нақты механизмге сай жұмыс жасау қажеттігін қаперге салды. Жылу, энергетика бағытындағы жұмыстарды саралаған облыс әкімі сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, 2020-2021 жылғы жылу беру маусымында жіберілген кемшіліктерге талдау жасап, алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының кестесін әзірлеп, тиісті шараларды ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін толық аяқтауды, әлеуметтік нысан қазандықтарын қолданыстағы нормаларға сәйкестендіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандар бойынша қажетті отын қорын жасақтауды, коммуналдық төлемдерді жинақтау, мекемелер арасындағы берешек қарыздарды болдырмау мақсатында тиісті жұмыстардың жүргізілуін бақылауға алуды жүктеді. Тізбектелген тапсырмалардың орындалуын бақылауға алуды орынбасары Серік Сүлейменовке тапсырды.Жиында қаралған екінші мәселе - мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту. Оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға облыс аумағындағы нысандарды бейімдеу мәселесі қаралды. Бұл бағытта облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гаухар Қалмақова негізгі басымдықтарға тоқталды. Жалпы облыста 30 мыңнан астам мүгедектігі бар адамдар бар. Биылдан бастап мүгедектігі бар адамдар техникалық оңалту құралдары мен қызметтерін толығымен Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы алуда. Облыста жеке оңалту бағдарламасы әзірленген 11061 мүгедектігі бар адамдардың 9013-і электронды цифрлық қолтаңбамен қамтамасыз етілген. Нәтижесінде, әлеуметтік қызметтер порталына жіберілген жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы 65%-ды құрап, республика бойынша өңір 3-ші орынға шықты.Жиында облыс аумағындағы нысандарды бейімдеу жұмыстарының барысы талқыланды. Өңірде ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін бейімдеу және әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерін жақсарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағытта 2021-2025 жылдарды көздейтін әкімдік пен Еңбек министрлігімен 1294 инфрақұрылым объектілерін бейімдеуден өткізу жоспары бекітілген. Оның ішінде биылғы жылға жоспарланған 258 объектінің 243-і мемлекеттік мекеме, қалғаны жеке сектордың үлесінде. Нысандардың қолжетімділігі мониторинг жүргізу бойынша Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері жанынан жұмысшы топтар құрылған. Нәтижесіне қарай бейімдеуге қажетті қаржы көлемі нақтыланатын болады.Кеңейтілген жиынды қорытындылаған облыс әкімі сала басшысына жұмысты үйлестіру бағытында бірқатар тапсырмалар берді.- Облыс аумағындағы нысандарды бейімдеу жұмыстары бойынша Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласы әкімдеріне жыл аяғына дейін жоспарланған объектілердің бейімделуіне қажетті қаржы көлемін нақтылап, тартылатын қаржы көздерін шешуді тапсырамын. Бұл жұмыстарды үйлестіруді орынбасарым Балжан Шәменоваға жүктеймін,-деді Гүлшара Әбдіқалықова. </p>

Еще новости региона

Комментарии