Облыс әкімі өңірлік жедел штаб отырысында iндетпен күрес амалдарын күшейтуді тапсырды: 19:00, 21 Апреля 2021 года - новости на сайте gurk.kz

Облыс әкімі өңірлік жедел штаб отырысында iндетпен күрес амалдарын күшейтуді тапсырды

Облыс әкімі өңірлік жедел штаб отырысында iндетпен күрес амалдарын күшейтуді тапсырды

Облыс әкімі өңірлік жедел штаб отырысында iндетпен күрес амалдарын күшейтуді тапсырды

Облыс әкімі өңірлік жедел штаб отырысында iндетпен күрес амалдарын күшейтуді тапсырды

Облыс әкімі өңірлік жедел штаб отырысында iндетпен күрес амалдарын күшейтуді тапсырды

Облыс әкімі өңірлік жедел штаб отырысында iндетпен күрес амалдарын күшейтуді тапсырды

Облыс әкімі өңірлік жедел штаб отырысында iндетпен күрес амалдарын күшейтуді тапсырды

Облыс әкімі өңірлік жедел штаб отырысында iндетпен күрес амалдарын күшейтуді тапсырды

Облыс әкімі өңірлік жедел штаб отырысында iндетпен күрес амалдарын күшейтуді тапсырды

Облыс әкімі өңірлік жедел штаб отырысында iндетпен күрес амалдарын күшейтуді тапсырды

Облыс әкімі өңірлік жедел штаб отырысында iндетпен күрес амалдарын күшейтуді тапсырды

Облыс әкімі өңірлік жедел штаб отырысында iндетпен күрес амалдарын күшейтуді тапсырды

Облыс әкімі өңірлік жедел штаб отырысында iндетпен күрес амалдарын күшейтуді тапсырды

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өңірлік жедел штаб отырысы өткізілді. Жиынға әкім орынбасарлары, құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары, салалық басқарма басшылары мен аумақтық департамент, инспекция басшылары және селекторлық режимде қала, аудан әкімдері қатысты.Аймақ басшысы індеттің өрши түсуінен Қызылорда облысы «қызыл» аймақ қатарына енгенін айтып, сақтық шараларын күшейтудің амалдарын қайта қарап, вакцина салдыру жұмыстарын белсенді жүргізу қажет деді.- Аймағымызда эпидемиологиялық жағдай күрделенуде. Бүгіннен бастап облысымыз «қызыл аймаққа» кірді. Тәулігіне 50-ден астам жағдай тіркеліп, жаппай қайта жұқтыру қаупі өте жоғары. Бұл ретте резервтегі төсек-орындар, дәрі-дәрмектердің және қорғаныш құралдарының қоры, медициналық бұйымдардың қажеттілік саны дайын болу керек.Індетті жеңудің жолы - сақтық шараларын күшейтумен қатар жаппай вакцинациялау болып табылады. Жерлестеріміздің жауапкершілік пен тәртіптілігін арттыруға шақыруымыз қажет,-деді Гүлшара Әбдіқалықова.Отырыста денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов өңірдегі инфекцияға қарсы атқарылып жатқан шаралар мен вакцинациялау жұмыстарының қарқынын баяндады. Облыста індет жұқтырған 4890 адамның 86 пайызы жазылған. Ал, пневмониямен ауырған 548 науқастың 447-і емделіп шықты.Қазіргі таңда стационарларда 715 төсек-орын ұйымдастырылған. Егер індет күшейген жағдайда, инфекциялық және провизорлық стационарларда төсек-орын қорын 3200-ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Оның 518 орны орталықтандырылған оттегімен жабдықталған. Індет ахуалына сәйкес тәуекел топтағы адамдар да ерекше бақылауда. Ол үшін 138 дәрігерлік мобильдік топ үйден ем жасауға көшті. Өңірде екпе егу өз деңгейінде жүргізілуде. Бүгінгі күні вакцинаның I компонентінің 21 100 дозасынан 20 945 адамға егілсе, II компоненттегі 16 100 дозаның 5108-не екпе жасалды. Қалған 10 992 доза кестеге сәйкес жасалады.Жиында облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова аймақтағы эпидемиологиялық ахуал барысына тоқталды. Ал, облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Шамшадин Амитов карантин режімін бұзу деректерін анықтау жұмыстарының нәтижелерін баяндады.Шектеу шараларына сай талапты сақтау мақсатында құрылған мобильді топ құрамына 108 полиция жұмылдырылған. Арнайы топ жыл басынан 216 карантин талаптарын бұзу дерегін анықтады. Оның ішінде 144 дерек тойханалар мен үй жағдайларында жиын өткізу, 49 ойын-сауық мекемесінде, 22 дүкенде карантин талаптарын бұзу дерегі орын алған.Облыс әкімі індет көрсеткіштерінің көбеюіне орай қоғамдық орындарда, халық көп шоғырланатын нысандарда рейдтік шараларды қатаң түрде күшейтуді тапсырып, мониторингтік топ жұмысының белсенділігін арттыруді жүктеді. Жиында облыстық медициналық және фармацевтикалық қадағалау департаментінің басшысы Ғалия Байменова дәрі-дәрмек қорын толықтыру бағытындағы жағдайды баяндады. Ал, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова халық арасында індеттен сақтану, вакцинаның қажеттілігі туралы ақпараттық кеңістікте материалдар қорын топтастыру бағытындағы жұмыстарды тізбеледі. Сала басшыларының індетпен күрес жүргізудегі жұмыстарын саралаған облыс әкімі денсаулық сақтау басқармасының басшысына барлық медициналық мекемелердегі төсек-орындарға ревизия жасап, тұрғындар арасында вакцинациялау жұмыстарын күшейтіп, қосымша егу пунктері ашуды жүктеді. Сондай-ақ, облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысына екпе жұмыстарын жүргізу барысында «Мұздай тізбек» ережелерінің сақталуын бақылауды, коронавирус инфекциясына қарсы барлық медициналық мекемелердің дайындығына мониторинг жүргізіп, нәтижесін баяндауды тапсырды.



Источник: ГУ «Аппарат акима Кызылординской области»


Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz
<p align="justify">Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өңірлік жедел штаб отырысы өткізілді. Жиынға әкім орынбасарлары, құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары, салалық басқарма басшылары мен аумақтық департамент, инспекция басшылары және селекторлық режимде қала, аудан әкімдері қатысты.Аймақ басшысы індеттің өрши түсуінен Қызылорда облысы &laquo;қызыл&raquo; аймақ қатарына енгенін айтып, сақтық шараларын күшейтудің амалдарын қайта қарап, вакцина салдыру жұмыстарын белсенді жүргізу қажет деді.- Аймағымызда эпидемиологиялық жағдай күрделенуде. Бүгіннен бастап облысымыз &laquo;қызыл аймаққа&raquo; кірді. Тәулігіне 50-ден астам жағдай тіркеліп, жаппай қайта жұқтыру қаупі өте жоғары. Бұл ретте резервтегі төсек-орындар, дәрі-дәрмектердің және қорғаныш құралдарының қоры, медициналық бұйымдардың қажеттілік саны дайын болу керек.Індетті жеңудің жолы - сақтық шараларын күшейтумен қатар жаппай вакцинациялау болып табылады. Жерлестеріміздің жауапкершілік пен тәртіптілігін арттыруға шақыруымыз қажет,-деді Гүлшара Әбдіқалықова.Отырыста денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов өңірдегі инфекцияға қарсы атқарылып жатқан шаралар мен вакцинациялау жұмыстарының қарқынын баяндады. Облыста індет жұқтырған 4890 адамның 86 пайызы жазылған. Ал, пневмониямен ауырған 548 науқастың 447-і емделіп шықты.Қазіргі таңда стационарларда 715 төсек-орын ұйымдастырылған. Егер індет күшейген жағдайда, инфекциялық және провизорлық стационарларда төсек-орын қорын 3200-ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Оның 518 орны орталықтандырылған оттегімен жабдықталған. Індет ахуалына сәйкес тәуекел топтағы адамдар да ерекше бақылауда. Ол үшін 138 дәрігерлік мобильдік топ үйден ем жасауға көшті. Өңірде екпе егу өз деңгейінде жүргізілуде. Бүгінгі күні вакцинаның I компонентінің 21 100 дозасынан 20 945 адамға егілсе, II компоненттегі 16 100 дозаның 5108-не екпе жасалды. Қалған 10 992 доза кестеге сәйкес жасалады.Жиында облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова аймақтағы эпидемиологиялық ахуал барысына тоқталды. Ал, облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Шамшадин Амитов карантин режімін бұзу деректерін анықтау жұмыстарының нәтижелерін баяндады.Шектеу шараларына сай талапты сақтау мақсатында құрылған мобильді топ құрамына 108 полиция жұмылдырылған. Арнайы топ жыл басынан 216 карантин талаптарын бұзу дерегін анықтады. Оның ішінде 144 дерек тойханалар мен үй жағдайларында жиын өткізу, 49 ойын-сауық мекемесінде, 22 дүкенде карантин талаптарын бұзу дерегі орын алған.Облыс әкімі індет көрсеткіштерінің көбеюіне орай қоғамдық орындарда, халық көп шоғырланатын нысандарда рейдтік шараларды қатаң түрде күшейтуді тапсырып, мониторингтік топ жұмысының белсенділігін арттыруді жүктеді. Жиында облыстық медициналық және фармацевтикалық қадағалау департаментінің басшысы Ғалия Байменова дәрі-дәрмек қорын толықтыру бағытындағы жағдайды баяндады. Ал, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова халық арасында індеттен сақтану, вакцинаның қажеттілігі туралы ақпараттық кеңістікте материалдар қорын топтастыру бағытындағы жұмыстарды тізбеледі. Сала басшыларының індетпен күрес жүргізудегі жұмыстарын саралаған облыс әкімі денсаулық сақтау басқармасының басшысына барлық медициналық мекемелердегі төсек-орындарға ревизия жасап, тұрғындар арасында вакцинациялау жұмыстарын күшейтіп, қосымша егу пунктері ашуды жүктеді. Сондай-ақ, облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысына екпе жұмыстарын жүргізу барысында &laquo;Мұздай тізбек&raquo; ережелерінің сақталуын бақылауды, коронавирус инфекциясына қарсы барлық медициналық мекемелердің дайындығына мониторинг жүргізіп, нәтижесін баяндауды тапсырды. </p>

Еще новости региона

Комментарии