«Профилактика жұмыстары үлкен жауапкершілік талап етеді»
Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен өткен терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысында айтылды.
Іс-шараға аумақтық департамент бастықтары, аудан әкімдері және салалық басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібінде террористік тұрғыдан осал объектілердің қауіпсіздік жағдайы, жастар арасындағы профилактикалық жұмыстардың жай-күйі қарастырылды. Аталған мәселелер бойынша Шымкент қаласының және Түркістан облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, Шымкент қаласының дін істері басқармасы және ТҚК аппаратының баяндамалары тыңдалды.
Комиссия төрағасы әрбір мәселеге тоқталып, олардың маңыздылығы мен іске асыру ерекшеліктерін ескеруді және профилактикалық жұмыстарға жауапкершілікпен қарауды тапсырды.
Сонымен қатар, ағымдағы талдау нәтижелерін ескере отырып, Комиссияның және оның жұмысшы тобының қызметін одан әрі жетілдіру, тұрақты жұмыс кездесулерін ұйымдастыру мәселесі бойынша бірқатар тапсырмалар жүктелді.
Бұдан басқа, комиссия отырысында айтылған пікірлер мен ұсыныстарды қайта қарастыру және кейіннен хаттама жобасына енгізу қажеттілігі айтылды.
Материал Шымкент қаласы бойынша Терроризмге
қарсы комиссия аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
___________________________________________________
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -