Өңірдегі оқыту курстарында 1300-ден астам өзге этнос өкілдері мелекеттік тілді меңгеруде: Алматинская область, 01 Июля 2021 года - новости на сайте gurk.kz

Өңірдегі оқыту курстарында 1300-ден астам өзге этнос өкілдері мелекеттік тілді меңгеруде

Алматы облысындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінде өзге этнос өкілдеріне мемлекеттік тілді оқыту қолға алынған. Онда оқыту «Тіл дамыту» бағдарламасы және «Мәміле. Ситуативный казахский» жобасы негізінде  тегін жүргізіледі. Бүгінде мұнда 30-ға жуық тыңдаушы тіл меңгеруде.

Аталған мекеменің қоғамдық-көпшілік шараларды ұйымдастыру қызметінің жетекшісі Н.Молдахметовтің айтуынша, сабақ барысында жаңа сөздер, мақал-мәтелдер жаттау, мерекелік тілектер жазу, әр тақырыпта бейнероликтер түсіру сияқты түрлі әдістемелер пайдаланылады.

Сол сияқты облыстағы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығында да  тіл оқыту курстары жүргізіледі. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі машығын шыңдауға ниет білдірушілер қатары жыл сайын артпаса кеміген жоқ. Мәселен, орталық биылғы жылдың бірінші жартысында мемлекеттік тілді оқыту курсына 2596 тіл үйренушіні қабылдаған. Олардың қатарында мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік сала қызметкерлері, сондай-ақ жеке тұлғалар да бар. Курсқа қатысушылардың 1326-сы, яғни  49% - этнос өкілдері.

Бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановтың төрағалығымен өткен Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХVI сессиясында талқыланған тақырыптардың бірі де - өзге этностарға мемлекеттік тілді үйрету мәселесі болды. Сол сияқты Ассамблея аясында қайырымдылық шараларын одан әрі жандандыру түсу, Ассамблея мүшелерінің қоғамдағы белсенділігін арттыру, қоғамдық медиаторлар пулын қалыптастырып дамытуға атсалысу, «Жаңғыру жолы» қозғалысының Жол картасын жүзеге асыруды жалғастыру сияқты бірқатар мәселелер жан-жақты қаралды. Осы шараларға белсене қатысып жүрген орыс, ұйғыр, кәріс және басқа да этномәдени бірлестіктер аталған мәселелерге қатысты атқарылған істері туралы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Келісім, татулық пен бірлікке бөленген 30 жыл» тақырыбында өткен сессия барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтаудағы рөлі ерекше атап өтіліп, ҚХА-ның жаңа құрамына облыстан енгізілген азаматтар таныстырылды.  Жиын соңында ХХVI сессия шешімінің жобасы бірауыздан қабылданды.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Источник: ​ГУ «Аппарат акима Алматинской области»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

Комментарии

gurk.kz

Еще новости региона