Роль информационных систем в восстановлении нарушенных прав получателей услуг
Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелер мемлекеттік қызметтер көрсетуді жеңілдетіп, азаматтардың құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасында цифрландыру процесі қарқынды дамып келеді, нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы артып, оның ашықтығы мен қолжетімділігі қамтамасыз етілуде. Ақпараттық жүйелер мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы қарым-қатынасты жеңілдетіп, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын тиімді қалпына келтіру үшін қажетті тетіктерді ұсынады.
Ақпараттық жүйелердің құқық қорғаудағы артықшылықтары туралы айтатын болсақ, ақпараттық жүйелердің енгізілуі мемлекеттік қызметтердің барынша ашық болуын қамтамасыз етеді. Электрондық үкімет платформалары, атап айтқанда eGov.kz, e-лицензиялау, АХАТ (азаматтық хал актілерін тіркеу) жүйелері азаматтарға өз құқықтарын қорғау мақсатында қажет ақпарат пен құралдарды алуға мүмкіндік береді. Бұл жүйелердің артықшылықтары келесідей:
Қолжетімділік пен жылдамдық: Азаматтар онлайн режимде мемлекеттік қызметтерге қол жеткізе алады, бұло лардың өз құқықтарын қорғау барысындағы кедергілерді азайтады. Ашықтық: Әрбір азамат өз өтінішінің статусын қадағалап, қажетті мәліметтерді алу мүмкіндігіне ие. Жүйелілік: Құжаттарды жоғалтқан немесе бүлінген жағдайда, электрондық жүйелерде сақталған ақпарат арқылы оны қалпына келтіру жеңілдейді.Ақпараттық жүйелер арқылы құқықбұзушылықтардыанықтаужәнешағымдардытіркеу мүмкіндігі де ерекше бағыт.
Себебі, электрондық үкімет порталы арқылы қызмет көрсету барысында кездесетін құқық бұзушылықтарды сол жүйеден шықпай-ақ тіркеуге мүмкіндік береді. Мысалы, азамат eGov.kz порталындағы арнайы бөлім арқылы шағым немесе өтініш қалдырып, мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі кемшіліктер мен құқық бұзушылықтарды хабарлай алады. Бұл шағымдар мемлекеттік органдар тарапынан қаралып, азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру үшін қажетті шаралар қабылданады. Сонымен қатар, азаматтың шағымын қарау нәтижелері де ашық түрде жарияланады.
Сонымен қатар, Агенттікпен қазіргі уақытта қызмет беруші мекемелердің ақпараттық жүйелеріне қолжетімділік берілуі арқылы қызмет алушылардың құқықтарының бұзылмауына қашықтықтан бақылау жүргізуге қол жеткізіп отыр. Ол арқылы қызмет алушылардың шағымын күтпестен орын алған заңбұзушылықтарға жылдам ден қоюға, талдау жүргізіп, уақытылы қажетті шараларды жүргізуге мүмкіндік беріп отыр.
Қызмет алушылардың бұзылған құқықтар қорғаудағы ақпараттық жүйелердің келесі маңызды рөлдерінің бірі – мемлекеттік органдардың қызмет көрсету процесінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру, артық құжаттар талап ету, мерзімнің кешіктірілуі сияқты әкімшілік кедергілердің алдын алуға көмектеседі. Осылайша, азаматтар өздерінің құқықтарының бұзылмауын қадағалап, құжаттар мен өтініштердің қаралу барысын бақылап отырады.
Қорыта келе, ақпараттық жүйелер Қазақстан Республикасында қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруде маңызды құрал болып табылады. Олар мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңайлатып, ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Азаматтар өз құқықтарын қорғауға бағытталған заманауи ақпараттық жүйелер арқылы өз мәселелерін тезірек және тиімдірек шешуге мүмкіндік алады. Алдағы уақытта Агенттікпен ақпараттық жүйелерді жетілдіру және қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытында жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қарағанды облысы бойынша департаментінің
басшысы, Әдеп кеңесінің төрағасыЖ. Сәрсеннің мақаласы
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -