"Сәлем, Елорда!" ІІ Республикалық өнер фестивалінің екінші күні қалай өтті?: Город Нур-Султан, 24 Июня 2021 года - новости на сайте gurk.kz

"Сәлем, Елорда!" ІІ Республикалық өнер фестивалінің екінші күні қалай өтті?

Маусымның 23-жұлдызында «Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер шеруінің екінші күні «Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат» музейіне экскурсиядан басталды.

Өнер – тек ұлттық құндылықтар мен әсем әуен ғана емес. Өнерді халыққа жеткізу кезінде сахна сыртында шымылдықтың арғы жағында тер төгетін концерттік ұйымдар қызметкерлерінің ерен еңбегі жатыр. Аталған мамандардың жұмысын жетілдіру, олардың біліктілігін арттыру мәселесі «Сәлем, Елорданың» бағдарламасынан тыс қалған жоқ.

Осыған орай ҚР Ұлттық кітапханасында филармониялар мен концерттік ұйымдардың директорларына арналған шеберлік сағаты өтті. Практикалық маңызы зор сабақтарды Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Сейітова Күміс Қарсақбайқызы бастап, Өзгерістерді басқару саласындағы маман, стратегиялық HR-жетекші, MBA KazGUU Business School оқытушысы Гүлмира Мұқанова жалғады. "Бүгінгі тамаша кездесуде еліміздің мәдениетін дамытуға қатысты құрылымдардың барлық аймақтық басшылары бас қосып отыр. Биылғы осындай жиындар - тек жұмысқа қатысты мақсатты жиналыс қана емес, басшылардың өздерінің даму мәселелерін де қамтитын жаңа форматтағы кездесулер. Қазір цифрландырудың арқасында заманның қалай өзгергенін бәріміз көріп отырмыз. Оған қоса, біз пандемияның пайда болуымен бір жыл бойы үлкен белгісіздікке тап болдық. Адамның, қоғамның дамуы - біздің елдегі негізгі мәселе. Сондықтан біреуді дамыту үшін руханият, мәдениетті жетілдіруге жауапты басшылардың өздерінің де дамып отыруы маңызды. Осы себепті біз бүгінгі кездесуде басқарушылық тәжірибемен, әдетте кәсіпкерлер мен көшбасшыларға бизнес мектептерде оқытылатын концепциялар мен біліммен бөлісу үшін жиналып отырмыз. Мен бизнес мектептің оқытушысы ретінде дәл сол тәжірибені басқаларға да жеткізіп, әрі қарай әр басшының өз саласы бойынша басқарушылық құзыреттілігін дамытуына ықпал еткім келеді"-деді Гүлмира Мұқанова.

Шеберлік сағатында түрлі тақырыптардағы мәселелер қозғалып, концерттік ұйым қызметкерлері персоналды басқару бойынша өз сұрақтарына жауап алды.Мастер-класстар легі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында музыкалық режиссура бойынша өткен сабақпен жалғасты.

Фестивальдің екінші күнінде өнер шеруі қатысушыларына арнайы «Алатау» дәстүрлі өнер және Әуезов театры өнерпаздары қойылым мен концерт ұсынды.

Источник: Министерство культуры и спорта Республики Казахстан

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

Комментарии

gurk.kz

Еще новости региона