Спортшылардың кәсіби меркесі

Спортшылардың кәсіби меркесі

Спортшылардың кәсіби меркесі

Спортшылардың кәсіби меркесі

Талдықорғанда спортшылардың кәсіби меркесіне орай салтанатты жиын өтті. Шара аясында облыстың үздік спортшылары мен жаттықтырушылары және спорт ардагерлері марапатталды.

Мерекелік басқосуға спорт ардагерлері, спортшылар, бапкерлер, спорт мекемелерінің директорлары, аудан, қала бөлім басшылары қатысты.

Кездесуге шақырылғандарды Алматы облысының мәслихат хатшысы Сұлтан Дүйсенбінов құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Алматы облысының спортшылары қашанда жоғарғы жетістіктерді көрсетіп, әлемдік ареналарда көк байрағымызды желбіретіп жүр. Әрине, мұның барлығы спортқа жасалып жатқан қамқорлықтың белгісі. Осы сәтті пайдалана отырып, спортшылар мен бапкерлерді және спорт саласында тер төгіп жүрген барлық қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын, — деді мәслихат хатшысы.

Өз кезегінде сөз алған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев ағымдағы жылда атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Айтуынша, 2019 жылы дене шынықтыру мен спорт саласын дамыту мақсатында жергілікті бюджеттен 10,5 млрд. теңге бөлініп, спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылған. Бүгінгі таңда өңірде 7 ДШСК жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, облыс жұртының игілігі үшін аудандар мен облыс орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізілуде. Мәселен, Талдықорғанда халықаралық стандарттарға сай жабық жүзу бассейнінің құрылысы басталды. 2021 жылға дейін облыс бойынша 20 ДСШК қолданысқа берілмек.

Айта кетейік, 2019 жылдың 1 жартыжылдық нәтижесі бойынша облыста 4 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 88 спорт шебері, 519 спорт шеберлігіне үміткер дайындалыпты. Ағымдағы жылы облыс спортшылары халықаралық және республикалық жарыстарда 596 алтын, 477 күміс және 636 қола медаль жеңіп алған.



Источник: https://taldykorgan.gov.kz/



Еще новости региона