Статья акима Кызылординской области Гульшары Абдыкаликовой, опубликованная в газете "Егемен Қазақстан" в честь 1 декабря-Дня Первого Президента РК: Кызылординская область, 01 Декабря 2021 года - новости на сайте gurk.kz

Статья акима Кызылординской области Гульшары Абдыкаликовой, опубликованная в газете "Егемен Қазақстан" в честь 1 декабря-Дня Первого Президента РК

Статья акима Кызылординской области Гульшары Абдыкаликовой, опубликованная в газете

Статья акима Кызылординской области Гульшары Абдыкаликовой, опубликованная в газете "Егемен Қазақстан" в честь 1 декабря-Дня Первого Президента РК

Тұңғыш Президент күні мерекесі - мемлекеттің үстем мерейі, үлкен мәртебесі. Ұлтты қастерлеудің, Ұлының ұлықтаудың ұлағаты. Тарихи деректерге жүгінсек, мемлекетті қалыптастырудың бастауында тұрған тұлғаны ұлықтау, егемен елдің іргетасын қалаған қайраткерді ардақтау әлем елдерінде, оның ішінде демократиялық тұрғыдан іргелі мемлекеттерде қалыптасқан дәстүр екеніне көз жеткіземіз.

Мәселен, АҚШ-та  мұндай мереке 22 ақпанға белгіленіп, 1880 жылдан бері аталып келеді. АҚШ халқы Джордж Вашингтонның еңбегіне тарихи тұрғыдан зор баға беріп, бұл мерекені елдік деңгейде Президент күні ретінде атап өтіп, мектептерінде құрама штаттардың барлық президенттерінің тарихын біліп, елдің дамуын зерделеу күніне айналған. Үндістандықтар 2 қазанда Махатма Гандидің  туған күнін атап өтсе, Түркияда 19 мамыр Ататүрікті еске алу күні деп жарияланған. Мұндай дәстүрлер – халықты игілікті бастамаларға, жас ұрпақты ұлы мұраттарға жетелей отырып, жақсыны бағалауға, кеткен кемшіліктерден сабақ алуға үйрететін өнеге.

Биыл тәуелсіз ел болғанымызға 30 жыл!Бұл - әлем картасында ойып өз орнын алған Қазақстанның орда бұзар жасы!Бабаларұланғайыр жерімізді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, сан ғасыр егемен ел болуды арман етсе, сол арманына 1991 жылы ұрпағының қолы жетті.

Әлемдегі әр халықтың өз дәуірлеу тарихы болса, сол кезеңде басшылық еткен тұлғаның да істеген ісі мен ізі қалады.

Қазақ халқы - талайды бастан кешірген, Жұбан Молдағалиевақынымыздың сөзімен айтсақ, мың өліп, мың тірілген халық.Басқасын айтпағанда, жиырмасыншы ғасырдың соңғы кезеңінде қиындықтан жол тауып, алға жетелейтін тарихи тұлғаға деген сұраныс  пайда болды.

«Сұңқар желдің ағынымен емес, желге қарсы биік ұшады», - деген британдық мемлекеттік және саяси қайраткер, көрнекті тұлға Уинстон Черчилльдің сөзі бар.

Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын бекітіп, әлемге танытып, бүгінгідей беделді әрі қуатты мемлекет болуымызда - Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі ұшан-теңіз.

«Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы» деп Елбасымыздың өзі қадап айтқандай, Егемендік, Тәуелсіздік, Ана тілі ұлтты біріктіруші күшке, ұлттық идеологияның рухани тірегіне айналды, қазақтың Сарыарқасында зәулім астана бой көтерді.

         Қазақстанның Тұңғыш Президентінің сарабдал саясатының бірден-бір жемісі - Семей полигонының жабылуы еді.

         Бүгінде жаңарған, жаңғырған Қазақстанның осы жылдар ішіндегі шыққан биігінбарша әлем  Елбасы есімімен тікелей байланыстыруының өз орны бар.Сондықтан,Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мерекесі – тәуелсіздік шежіресіндегі ең маңызды даталардың бірі.

2011 жылғы 14 желтоқсанда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға толықтырулар енгізіліп, 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніболып белгіленді.

Бұл күн бекерге таңдалған жоқ. 1991 жылдың 1 желтоқсаны күні тәуелсіз Қазақ елінде алғаш рет президенттік сайлау өтіп, онда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықтың зор сенімімен, сайлаушылардың 98,78 пайыз дауысымен жеңіске жетті.

Биыл бұл атаулы мемлекеттік мерекеге 10 жыл толыпты.

Елбасымыздың саяси көшбасшылық феномені тарихқа Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, дана стратег, ұлы реформатор және әлемдеқазіргі замандағыаса көрнекті саяси көшбасшы ретінде енді.Елбасы ұғымын осы күні алғаш рет еліміздің заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаев өзінің Президентке арнаған тілек сөзінде айтқаны белгілі.

Сырбойылық, Қазақстанның халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов: «Президенттік орынға үміткерлердің баршасын білемін. Бірақ, Нұрсұлтан Әбішұлының олардан өзге, биікте көрсететін үш қасиеті бар деп білемін.Бірінші, ол қаршадайынан жердің демін, нанның дәмін, тердің иісін сезіп, өзі де солардың қатарында өскен. Екінші қасиеті – қараша үйдің көсеуінен бастап, алып зауыттың күрегіне дейін қолынан өткізген адам.Үшіншіден, халқының рухани мол мұрасын аңызынан бастап бүгінгі келбетіне дейін ана тілінде оқып, бойына сіңірсе, орыс әдебиеті арқылы әлемдік әдебиеттің үздік үлгілерін өз әдебиетіндей таныған, оқыған, тоқыған адам»,- деген еді.

Еліміз тәуелсіздіктің даңғыл жолына түскен кезде мемлекетіміз бен оның халқының алдындағы орасан зор жауапкершілік жүгін мойнына алып, ұлттық рухты ояту, мемлекеттілікті жандандыру тек көреген Көшбасшының ғана қолынан келері анық.

                Алдымыздане күтіп тұр, дүниежүзі картасында алар орнымыз қандай болмақ, экономикалық хаостан қалай шығамыз, сан-сауал алдымызды ораған шақтапрогрессивті өркениеттік даму жолына бастар тұлғаның болуы – біздің бағымыз еді.

ХХ ғасырда әлемде бірқатар мемлекеттерде даму мен жаңғырудың жаңа бағыттары болғаны белгілі. "Азия жолбарыстарының" толқыны, Қытайдың жетістігі халықаралық саясаттағы жағдайларға өзгерістер енгізе бастады. Ал, сол ғасырдың соңғы онжылдығында Қазақ елінің бұрын болмаған жаңа қадамға бет бұрып, алға жылжуы 90-шы жылдардағы күрделі тарихи кезеңге сәйкес келді. Сол себепті де, елдің бірінші Көшбасшысы факторы тағдыршешті еді. Өзіне жауапкершілік ала білу, елдің дамуына нақты көзқараспен қарау және оны қорғай білу – әлемдегі тарихи тұлғалардың ең басты қасиеті болды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тарихында АҚШ-тағы Джордж Вашингтон, Түркиядағы Мұстафа Кемал Ататүрік, Франциядағы Шарль де Голль, Малайзиядағы Махатхир Мохаммад, Сингапурдағы Ли Куан Ю секілді жаңа мемлекетіміздің даму жолында орасан зор рөл атқарды.

1990-шы жылдардың басында Тұңғыш Президентіміз мемлекеттік дамудың барлық салаларын реформалаудың өзіндік бағдарламасын әзірлеп, ұлттық жаңғыртуды табысты жүзеге асыра алды. Ол өзінің "алдымен – экономика, содан кейін – саясат"даму формуласын ұсынды.Бүгінде бұл тәжірибе "Назарбаев моделі" немесе "Қазақстан жолы"деген атпен танымал.

Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдары  Елбасы үшін де, ел халқы үшін де  оңай болды деп  ешкім де айта алмайды. Бұрынғы кеңестік жүйе де бұзылды, байланыс та үзілді. Шындығын айтсақ, Қазақстан бұған дейін аграрлық-шикізат қосымшасы ретінде қарастырылып келді. Бұл өз кезегінде тәуелсіздігімізді алғаннан кейін көптеген сын-қатерлерге төтеп беруімізге әкелді. Ескі технологиямен өнім шығаратын зауыттар тоқтап қалды. Қазақстанның экономикалық жағдайы нашарлады. Жұмыссыздық артып, жаппай экономикалық көші-қон басталды. Айлап еңбекақы, зейнетақы берілмеді. Электр энергиясы жетіспей, көгілдір отын арман болғаны да күні кеше еді.

Нарықтық экономикаға ұмтылған елде мемлекеттік институттарды басқарудың және ұйымдастырудың әміршілдік-әкімшілік тетіктері сақталды.

130-дан астам ұлттан тұратын көпэтносты қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтау маңызды болды. Сыртқы саясатта біз әлемдік қоғамдастықтан өз орнымызды іздеуге тура келді.

Елбасы ең алдымен ішкі экономикалық жағдайды қалыпқа келтіруге аса мән берді. Ал, елдің жағдайын көтерудің бір жолы – инвестиция тарту болатын. Осы мақсатта алыс шетелдермен ынтымақтастық байланыстар орнатылды. Өндіріс орындарын  жаңа заман сұранысына  қажетті тауарлар шығаруға бейімдеді. Саяси-экономикалық реформалар сәтті жүзеге асырылды. Біз соның арқасында үлкен қиындықтарды жеңе білдік.

Қазақ елі тәуелсіздік жылдарында қаншалықты толымды табыстарға қол жеткізсе, оған Сыр елі де өз үлесін қосып келеді.

Елбасының Сыр халқымен байланысы неде десек:ең алдымен, «Сыр – Алаштың анасы». Бұл – көненің көзі, мәдени мұралардың асыл көмбесі, талай тарихты қойнауына бүккен, талай тарланды қанаттандырған Қызылорда жайлы Елбасының сөзі. Тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезеңінде экологиялық апат аймағы ретінде тарап кеткелі тұрған Сыр елі Тұңғыш Президентіміздің дана саясатымен Тәуелсіз ел тарихындағы өз орнын сақтап қалды. 

Екіншіден, Арал теңізін сақтап қалуды әлемдік тұрғыда көтерді. Еліміздің ертеңіне сенген Елбасы Аралды сақтап қалу мақсатында ғасыр жобасы атанған «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (САРАТС) жобасын және облысты таратпау жөнінде тарихи шешімдер қабылдады. Бұны қазір саяси тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да өте көрегенділікпен жасалған шешім деп айтуымызға әбден болады.

Үшіншіден, Отандық ғарыш кеңістігін өркендетті.Қызылорда облысы - Қазақстанда ғана емес әлемде ғарыштық кешен орналасқан стратегиялық маңызы бар өңір. Ғарышты игеру бүгінде өркениетті әлемнің басты мәселесіне айналғаны анық. Осы ретте, қазақ жерінде, соның ішінде Сыр еліндегі «Байқоңыр» ғарыш кешенінен қазақ азаматтарының ғарыш кеңістігін бағындыруы да кемеңгер көшбасшының саяси салмағының басымдығы мен жүргізген саясатының дұрыстығы болатын.

Елбасының қолдауымен 1991 жылы 2 қазанда Байқоңыр алғаш рет қазақ Тоқтар Әубәкіров ғарышқа аттанды. Бұл еліміздің ғарыштық әлеуетін дамытуға серпін берді. 1993 жылдың ақпан айында Тұңғыш Президентіміздің Жарлығымен отандық ғарыш саласын дамытатын өкілетті мемлекеттік орган құрылды. 1994 жылы Қазақстан мен Ресей Байқоңыр ғарыш айлағын сақтап қалу мен қалпына келтіру мақсатында мемлекетаралық келісімге қол қойылып, елдегі ғарыштық құрылымдардың инфрақұрылымы жүйеленді. Содан бері Талғат Мусабаев, Айдын Айымбетовтер қазақ баласының ғарышқа ұшу ғана емес,  ғарышта ғылыми зерттеулер жүргізу арманына жол ашып берді.

Төртіншіден, «Батыс Еуропа Батыс Қытай» жолы арқылы ел мен елді, жер мен жерді жақындатты.Бұл құрлықаралық автокөлік дәлізінің Қазақстанға тиесілі 2787 шақырымы 5 облыс аумағынан өтетін болса, оның ең көп бөлігі, яғни 812 шақырымы Қызылорда жерінен өтеді. Бұл барлық ауданы теміржол мен автокөлік жолының бойында орналасқан Сыр елі үшін ең тиімді дүние екенін айту керек. Бүгінгі күні өңірдегі жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 2,5 есеге артып отыр.

Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Сыр елі қарқынды дамып, индустриалды-аграрлық өлкеге айналды.

Бұл жылдары өңір экономикасына 4 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылды. Жалпы өңірлік өнімдегі өнеркәсіп өндірісінің үлесі 1991 жылғы 11 пайыздан 30 пайызға дейін, ал ауыл шаруашылығының үлесі соңғы 10 жылда 3,9 пайыздан 6,3 пайызға дейін артты.

Күріштің өнімділігі мен жалпы алынған өнімі бүгінде 1991 жылғы көрсеткіштерден 1,5 есеге өсті.

Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде мал шаруашылығында бүгінде мал саны 1991 жылғы деңгейден, яғни, ірі қара мал басы223,1 мың бастан 342,4 мың,  жылқы 71,3 мың бастан 164,7 мың, түйе 26,0 мың бастан 51,5  мың басқа дейін өсіп отыр.

Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі өңірлік бағдарламасы іске асуда. Ол тауарлық балық көлемін 16 мың тоннаға дейін жеткізе отырып, 100 есеге ұлғайтуға мүмкіндік береді, ал балық өнімдерінің экспорты 2 есе - 8,5 мың тоннаға дейін өседі.

Өңіріміз жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілері санының өсу қарқыны бойынша елдегі үздіктердің қатарында (облыс-106,6%, республика-104,5%).

30 жыл ішінде 8 млн. шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Берілген тұрғын үйлердің көлемі 1991 жылғы 260 мың шаршы метрден бүгінде 600 мың шаршы метрге дейін жетті. 

Бүгінде облыс халқының 97 пайызы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілсе, 67 пайызы жыл соңына дейін табиғи газды тұтыну мүмкіндігіне ие болады.

Жүздеген әлеуметтік нысан бой көтерді, оның ішінде облыстық медициналық, диагностикалық, перинаталдық, мүгедектерді оңалту және тағы басқа орталықтар бар.

Спорт инфрақұрылымы нысандарының саны 3 есеге, денешынықтыру және спортпен шұғылданатындар саны 6 есеге артты.

30 жыл ішінде 500 мыңнан астам бала дүниеге келсе, халықтың саны 592 мыңнан 824 мыңға дейін көбейіп, өмір сүру ұзақтығы 8 жылға артқан (64,4 жастан 72,79 жасқа дейін).

Экономикамен қатар, азаматтық қоғамда ілгері дамып келді. Еліміз Тәуелсіздік алған жылдары облыста 15-тен аса қоғамдық ұйымдар тіркелсе, бүгінгі таңда олардың саны 994-ке жетті.

Бүгінде өңір бірқатар көрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жеткізіп, күрделі проблемалар шешіліп келеді. Жұмыс жасап тұрған кен орындарының сарқылуына байланысты жаңа кен орындарын іздеу мақсатында биыл Арал теңізі акваториясының «Батыс» және «Шығыс» учаскелерін, сондай-ақ, Сырдария шөгінді бассейні аумағының бір бөлігін сейсмикалық барлау бойынша жоба-сметалық құжаттама әзірлеу аяқталады. 2022 жылы сейсмикалық барлау жұмыстарын басталатын болады.

Индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығы (2020-2025 жж.)аясында құны 543 млрд. теңгеден асатын 46 инвестициялық  жоба іске асуда, бұл өз кезегінде 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Биыл құны 45 млрд.теңгені құрайтын, қолданысқа түскенде 500-ге жуық жұмыс орны ашылатын 4 жобаны іске қосу жоспарлануда. Олардың қатарында Қызылорда қаласындағы шыны зауыты бар. Сонымен қатар, осы жылы Жаңақорған ауданында «Шалқия» кен орнында тау-кен байыту комбинатының және Арал ауданында кальцийленген сода зауытыныңқұрылысын бастауға дайындық жүргізілуде. Шиелі ауданында «Баласауысқандық» ванадий кен орнын игеру жұмыстары жалғасуда, осы жылдың желтоқсан айынан бастап ферромолибден өнімін өндіруді бастаймыз.

Суармалы сумен байланысты проблемаларды ескере отырып, біз ауыл шаруашылығы өндірісін, әсіресе, егіншілікті әртараптандыруды және су ресурстарын тиімді пайдалануды мақсат етіп қойдық.Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес Қараөзек су қоймасын салу басталады (жалпы көлемі 775 млн.текше метр).

Топырақтың қатты тұздануына байланысты суармалы жерлерде басқа дақылдарды тек күріштің ауыспалы егісінде сәтті өсіре аламыз. Сондықтан, күріш егісін қысқарта отырып, күріш өсірудің тиімділігін арттыруға жұмыс жасаудамыз. Биыл күріш егісін 89 мың гектардан 82 мың гектарға дейін қысқарттық. Су тапшылығына қарамастан өткен жылғы деңгейде (550 мың тонна) - 500 мың тонна  (орташа өнімділік 59,8 ц/га) өнім алдық. Сонымен қатар, суландырудың ылғал үнемдеу технологияларын - аквагельдерді, жаңбырлатып суаруды, көшет әдісін енгізудеміз.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Тұрақтандыру қоры жұмыс жасауда. Азық-түлік тауарларын өндірушілер және сауда субъектілерімен бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу туралы 300-ге жуық меморандумға қол қойылды, сондай-ақ, өндірушілер, көтерме жеткізушілер және ірі сауда желілерімен 13 монополияға қарсы комплаенс жасалды.Нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар тауарларға баға индексі бүгінде орташа республикалық деңгейден аспайды (облыс - 100,2%, ҚР-100,2%).

Шағын орта бизнесті дамыту мақсатында Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі экономикалық даму Картасын жүзеге асыру жалғасуда. Бүгінгі күні жалпы құны 9,5 млрд. теңгеге 163 жоба (1,5 мың жұмыс орны құрылған) іске қосылды, оның ішінде биылғы жылы 74 жоба (2,3 млрд. теңге), 426 жұмыс орны құрылды.

Қой, сиыр және жылқы етінен жасалған консервілер, күріш, қарақұмық ботқасы, жантақ балы,қауыннан жасалған чипсы және тағы басқалары өндірілуде.

Ішкі нарықты өз өнімдерімізбен толықтыру мақсатында 2 пайызбен несиелеу бағдарламасын іске қостық. Ол мақсатқа облыстық бюджеттен 400,0 млн. теңге бөлінді

(348 млн. теңгеге 14 жоба қаржыландырылды)

.

Кәсіпкерлікке көп балалы аналарды қамтып отырмыз

(олардың саны 26 мыңнан астам)

.

М

емлекеттік қолдау шаралары нәтижесінде шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 17 пайызға жетті.

         Спорт саласындағы жетістіктеріміз де жылдан жылға артып келеді. Биыл Қазақстан Олимпиада құрамасының ту ұстаушысы, боксшы ҚамшыбекҚоңқабаев қола жүлдегер атанды.

Спортшыларымыз Әлем және Азия чемпионаттарында 66 медаль (24 алтын, 9 күміс, 33 қола), республика чемпионаттары мен кубоктарында 851 медаль (270 алтын, 245 күміс, 336 қола) жеңіп алды.

Сыр елі – жыр елінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы сәтті жүзеге асуда.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты республикалық ақындар айтысы, Сыр сүлейі Кете Жүсіп Ешниязұлының 150 жылдығына арналған «Жырлансын, Тәуелсіздік жыр бұлағы» атты жыршы-жыраулар байқауы өткізілді.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру мақсатында халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері ретінде ІІІ томдық Сыр өңірі фольклоры антологиясының І томы «Жанқожа батыр» жарыққа шықты.

Бұл жоба Президенттің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын жүзеге асыру бағытында  аймақтың даму белестерін насихаттайтын «Сыр елі» мегажобасы аясындағы маңызды жобалардың бірі.

Биыл аймақта Ыбырай Жақаевтың 130 жылдығы аталып өтіп, Жалаңтөс Баһадүрдің 445 жылдығына орай Қазалы ауданында ескерткіші орнатылады. Келер жылы «Халық қаhарманы» Роза Бағланованың 100 жылдығына орай Қызылордада әсем ескерткішібой көтермек. Сондай-ақ, тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау мақсатында ежелгі Бәбіш мола және ортағасырлық Жанкент, Сығанақ қалашықтарына қазба жұмыстары жалғасуда.

Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік жылдарындағы жетістікті бір ғана Қызылорда облысынан көруге болады» деген сөзі міне, бүгінгі Сырдың келбетін дәлелдеп тұр.

Бүкіл түркі әлеміне ортақ тарихи тұлға, философ, абыз Қорқыт Атаның «Ауыр жүктің мехнатын тұғыр емес, тұлпар білер» дегеніндей, тәуелсіз еліміздің жүріп өткен жолыкемеңгер Көшбасшының кемел істерімен тығыз байланысты екенін жас ұрпаққа жеткізіп отырудың маңызы зор.

         Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі мерекесі құтты болсын!

         Елі сүйген, елін сүйген кемеңгер Елбасымыз аман болсын!



Источник: ГУ «Аппарат акима Кызылординской области»


Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

Комментарии

gurk.kz
<p>Тұңғыш Президент күні мерекесі - мемлекеттің үстем мерейі, үлкен мәртебесі. Ұлтты қастерлеудің, Ұлының ұлықтаудың ұлағаты. Тарихи деректерге жүгінсек, мемлекетті қалыптастырудың бастауында тұрған тұлғаны ұлықтау, егемен елдің іргетасын қалаған қайраткерді ардақтау әлем елдерінде, оның ішінде демократиялық тұрғыдан іргелі мемлекеттерде қалыптасқан дәстүр екеніне көз жеткіземіз.</p> <p>Мәселен, АҚШ-та&nbsp; мұндай мереке 22 ақпанға белгіленіп, 1880 жылдан бері аталып келеді. АҚШ халқы Джордж Вашингтонның еңбегіне тарихи тұрғыдан зор баға беріп, бұл мерекені елдік деңгейде Президент күні ретінде атап өтіп, мектептерінде құрама штаттардың барлық президенттерінің тарихын біліп, елдің дамуын зерделеу күніне айналған.&nbsp;Үндістандықтар 2 қазанда Махатма Гандидің&nbsp; туған күнін атап өтсе, Түркияда 19 мамыр Ататүрікті еске алу күні деп жарияланған. Мұндай дәстүрлер &ndash; халықты игілікті бастамаларға, жас ұрпақты ұлы мұраттарға жетелей отырып, жақсыны бағалауға, кеткен кемшіліктерден сабақ алуға үйрететін өнеге.</p> <p>Биыл тәуелсіз ел болғанымызға 30 жыл!Бұл - әлем картасында ойып өз орнын алған Қазақстанның орда бұзар жасы!Бабаларұланғайыр жерімізді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, сан ғасыр егемен ел болуды арман етсе, сол арманына 1991 жылы ұрпағының қолы жетті.</p> <p>Әлемдегі әр халықтың өз дәуірлеу тарихы болса, сол кезеңде басшылық еткен тұлғаның да істеген ісі мен ізі қалады.</p> <p>Қазақ халқы - талайды бастан кешірген, Жұбан Молдағалиевақынымыздың сөзімен айтсақ, мың өліп, мың тірілген халық.Басқасын айтпағанда, жиырмасыншы ғасырдың соңғы кезеңінде қиындықтан жол тауып, алға жетелейтін тарихи тұлғаға деген сұраныс&nbsp; пайда болды.</p> <p>&laquo;Сұңқар желдің ағынымен емес, желге қарсы биік ұшады&raquo;, - деген британдық мемлекеттік және саяси қайраткер, көрнекті тұлға Уинстон Черчилльдің сөзі бар.</p> <p>Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын бекітіп, әлемге танытып, бүгінгідей беделді әрі қуатты мемлекет болуымызда - Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі ұшан-теңіз. </p> <p>&laquo;Қазақтың бүкіл тарихы &ndash; бірігу тарихы&raquo; деп Елбасымыздың өзі қадап айтқандай, Егемендік, Тәуелсіздік, Ана тілі ұлтты біріктіруші күшке, ұлттық идеологияның рухани тірегіне айналды, <strong>қазақтың Сарыарқасында зәулім астана бой көтерді.</strong></p> <p>&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp; Қазақстанның Тұңғыш Президентінің сарабдал саясатының бірден-бір жемісі - Семей полигонының жабылуы еді.</p> <p>&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp; Бүгінде жаңарған, жаңғырған Қазақстанның осы жылдар ішіндегі шыққан биігінбарша әлем&nbsp; Елбасы есімімен тікелей байланыстыруының өз орны бар.Сондықтан,Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мерекесі &ndash; тәуелсіздік шежіресіндегі ең маңызды даталардың бірі.</p> <p>2011 жылғы 14 желтоқсанда &laquo;Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы&raquo; Заңға толықтырулар енгізіліп, 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніболып белгіленді.</p> <p>Бұл күн бекерге таңдалған жоқ. 1991 жылдың 1 желтоқсаны күні тәуелсіз Қазақ елінде алғаш рет президенттік сайлау өтіп, онда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықтың зор сенімімен, сайлаушылардың 98,78 пайыз дауысымен жеңіске жетті.</p> <p>Биыл бұл атаулы мемлекеттік мерекеге 10 жыл толыпты.</p> <p>Елбасымыздың саяси көшбасшылық феномені тарихқа Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, дана стратег, ұлы реформатор және әлемдеқазіргі замандағыаса көрнекті саяси көшбасшы ретінде енді.Елбасы ұғымын осы күні алғаш рет еліміздің заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаев өзінің Президентке арнаған тілек сөзінде айтқаны белгілі.</p> <p>Сырбойылық, Қазақстанның халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов: &laquo;Президенттік орынға үміткерлердің баршасын білемін. Бірақ, Нұрсұлтан Әбішұлының олардан өзге, биікте көрсететін үш қасиеті бар деп білемін.Бірінші, ол қаршадайынан жердің демін, нанның дәмін, тердің иісін сезіп, өзі де солардың қатарында өскен. Екінші қасиеті &ndash; қараша үйдің көсеуінен бастап, алып зауыттың күрегіне дейін қолынан өткізген адам.Үшіншіден, халқының рухани мол мұрасын аңызынан бастап бүгінгі келбетіне дейін ана тілінде оқып, бойына сіңірсе, орыс әдебиеті арқылы әлемдік әдебиеттің үздік үлгілерін өз әдебиетіндей таныған, оқыған, тоқыған адам&raquo;,- деген еді.</p> <p>Еліміз тәуелсіздіктің даңғыл жолына түскен кезде мемлекетіміз бен оның халқының алдындағы орасан зор жауапкершілік жүгін мойнына алып, ұлттық рухты ояту, мемлекеттілікті жандандыру тек көреген Көшбасшының ғана қолынан келері анық.</p> <p>&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp; Алдымыздане күтіп тұр, дүниежүзі картасында алар орнымыз қандай болмақ, экономикалық хаостан қалай шығамыз, сан-сауал алдымызды ораған шақтапрогрессивті өркениеттік даму жолына бастар тұлғаның болуы &ndash; біздің бағымыз еді.</p> <p>ХХ ғасырда әлемде бірқатар мемлекеттерде даму мен жаңғырудың жаңа бағыттары болғаны белгілі. "Азия жолбарыстарының" толқыны, Қытайдың жетістігі халықаралық саясаттағы жағдайларға өзгерістер енгізе бастады. Ал, сол ғасырдың соңғы онжылдығында Қазақ елінің бұрын болмаған жаңа қадамға бет бұрып, алға жылжуы 90-шы жылдардағы күрделі тарихи кезеңге сәйкес келді. Сол себепті де, елдің бірінші Көшбасшысы факторы тағдыршешті еді. Өзіне жауапкершілік ала білу, елдің дамуына нақты көзқараспен қарау және оны қорғай білу &ndash; әлемдегі тарихи тұлғалардың ең басты қасиеті болды.</p> <p>Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тарихында АҚШ-тағы Джордж Вашингтон, Түркиядағы Мұстафа Кемал Ататүрік, Франциядағы Шарль де Голль, Малайзиядағы Махатхир Мохаммад, Сингапурдағы Ли Куан Ю секілді жаңа мемлекетіміздің даму жолында орасан зор рөл атқарды.</p> <p>1990-шы жылдардың басында Тұңғыш Президентіміз мемлекеттік дамудың барлық салаларын реформалаудың өзіндік бағдарламасын әзірлеп, ұлттық жаңғыртуды табысты жүзеге асыра алды. Ол өзінің "алдымен &ndash; экономика, содан кейін &ndash; саясат"даму формуласын ұсынды.Бүгінде бұл тәжірибе "Назарбаев моделі" немесе "Қазақстан жолы"деген атпен танымал.</p> <p>Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдары&nbsp; Елбасы үшін де, ел халқы үшін де&nbsp; оңай болды деп&nbsp; ешкім де айта алмайды. Бұрынғы кеңестік жүйе де бұзылды, байланыс та үзілді. Шындығын айтсақ, Қазақстан бұған дейін аграрлық-шикізат қосымшасы ретінде қарастырылып келді. Бұл өз кезегінде тәуелсіздігімізді алғаннан кейін көптеген сын-қатерлерге төтеп беруімізге әкелді. Ескі технологиямен өнім шығаратын зауыттар тоқтап қалды. Қазақстанның экономикалық жағдайы нашарлады. Жұмыссыздық артып, жаппай экономикалық көші-қон басталды. Айлап еңбекақы, зейнетақы берілмеді. Электр энергиясы жетіспей, көгілдір отын арман болғаны да күні кеше еді.</p> <p>Нарықтық экономикаға ұмтылған елде мемлекеттік институттарды басқарудың және ұйымдастырудың әміршілдік-әкімшілік тетіктері сақталды.</p> <p>130-дан астам ұлттан тұратын көпэтносты қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтау маңызды болды. Сыртқы саясатта біз әлемдік қоғамдастықтан өз орнымызды іздеуге тура келді.</p> <p>Елбасы ең алдымен ішкі экономикалық жағдайды қалыпқа келтіруге аса мән берді. Ал, елдің жағдайын көтерудің бір жолы &ndash; инвестиция тарту болатын. Осы мақсатта алыс шетелдермен ынтымақтастық байланыстар орнатылды. Өндіріс орындарын&nbsp; жаңа заман сұранысына&nbsp; қажетті тауарлар шығаруға бейімдеді. Саяси-экономикалық реформалар сәтті жүзеге асырылды. Біз соның арқасында үлкен қиындықтарды жеңе білдік.</p> <p>Қазақ елі тәуелсіздік жылдарында қаншалықты толымды табыстарға қол жеткізсе, оған Сыр елі де өз үлесін қосып келеді.</p> <p>Елбасының Сыр халқымен байланысы неде десек:ең алдымен, &laquo;Сыр &ndash; Алаштың анасы&raquo;. Бұл &ndash; көненің көзі, мәдени мұралардың асыл көмбесі, талай тарихты қойнауына бүккен, талай тарланды қанаттандырған Қызылорда жайлы Елбасының сөзі. Тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезеңінде экологиялық апат аймағы ретінде тарап кеткелі тұрған Сыр елі Тұңғыш Президентіміздің дана саясатымен Тәуелсіз ел тарихындағы өз орнын сақтап қалды.&nbsp;</p> <p>Екіншіден, Арал теңізін сақтап қалуды әлемдік тұрғыда көтерді. Еліміздің ертеңіне сенген Елбасы Аралды сақтап қалу мақсатында ғасыр жобасы атанған &laquo;Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау&raquo; (САРАТС) жобасын және облысты таратпау жөнінде тарихи шешімдер қабылдады. Бұны қазір саяси тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да өте көрегенділікпен жасалған шешім деп айтуымызға әбден болады.</p> <p>Үшіншіден, Отандық ғарыш кеңістігін өркендетті.Қызылорда облысы - Қазақстанда ғана емес әлемде ғарыштық кешен орналасқан стратегиялық маңызы бар өңір. Ғарышты игеру бүгінде өркениетті әлемнің басты мәселесіне айналғаны анық. Осы ретте, қазақ жерінде, соның ішінде Сыр еліндегі &laquo;Байқоңыр&raquo; ғарыш кешенінен қазақ азаматтарының ғарыш кеңістігін бағындыруы да кемеңгер көшбасшының саяси салмағының басымдығы мен жүргізген саясатының дұрыстығы болатын.</p> <p>Елбасының қолдауымен 1991 жылы 2 қазанда Байқоңыр алғаш рет қазақ Тоқтар Әубәкіров ғарышқа аттанды. Бұл еліміздің ғарыштық әлеуетін дамытуға серпін берді. 1993 жылдың ақпан айында Тұңғыш Президентіміздің Жарлығымен отандық ғарыш саласын дамытатын өкілетті мемлекеттік орган құрылды. 1994 жылы Қазақстан мен Ресей Байқоңыр ғарыш айлағын сақтап қалу мен қалпына келтіру мақсатында мемлекетаралық келісімге қол қойылып, елдегі ғарыштық құрылымдардың инфрақұрылымы жүйеленді. Содан бері Талғат Мусабаев, Айдын Айымбетовтер қазақ баласының ғарышқа ұшу ғана емес,&nbsp; ғарышта ғылыми зерттеулер жүргізу арманына жол ашып берді.</p> <p>Төртіншіден, &laquo;Батыс Еуропа Батыс Қытай&raquo; жолы арқылы ел мен елді, жер мен жерді жақындатты.Бұл құрлықаралық автокөлік дәлізінің Қазақстанға тиесілі 2787 шақырымы 5 облыс аумағынан өтетін болса, оның ең көп бөлігі, яғни 812 шақырымы Қызылорда жерінен өтеді. Бұл барлық ауданы теміржол мен автокөлік жолының бойында орналасқан Сыр елі үшін ең тиімді дүние екенін айту керек. Бүгінгі күні өңірдегі жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 2,5 есеге артып отыр.</p> <p>Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Сыр елі қарқынды дамып, индустриалды-аграрлық өлкеге айналды.</p> <p>Бұл жылдары өңір экономикасына 4 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылды. Жалпы өңірлік өнімдегі өнеркәсіп өндірісінің үлесі 1991 жылғы 11 пайыздан 30 пайызға дейін, ал ауыл шаруашылығының үлесі соңғы 10 жылда 3,9 пайыздан 6,3 пайызға дейін артты.</p> <p>Күріштің өнімділігі мен жалпы алынған өнімі бүгінде 1991 жылғы көрсеткіштерден 1,5 есеге өсті.</p> <p>Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде мал шаруашылығында бүгінде мал саны 1991 жылғы деңгейден, яғни, ірі қара мал басы223,1 мың бастан 342,4 мың, &nbsp;жылқы 71,3 мың бастан 164,7 мың, түйе 26,0 мың бастан 51,5&nbsp; мың басқа дейін өсіп отыр.</p> <p>Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі өңірлік бағдарламасы іске асуда. Ол тауарлық балық көлемін 16 мың тоннаға дейін жеткізе отырып, 100 есеге ұлғайтуға мүмкіндік береді, ал балық өнімдерінің экспорты 2 есе - 8,5 мың тоннаға дейін өседі.</p> <p>Өңіріміз жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілері санының өсу қарқыны бойынша елдегі үздіктердің қатарында (облыс-106,6%, республика-104,5%). </p> <p>30 жыл ішінде 8 млн. шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Берілген тұрғын үйлердің көлемі 1991 жылғы 260 мың шаршы метрден бүгінде 600 мың шаршы метрге дейін жетті.&nbsp;</p> <p>Бүгінде облыс халқының 97 пайызы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілсе, 67 пайызы жыл соңына дейін табиғи газды тұтыну мүмкіндігіне ие болады.</p> <p>Жүздеген әлеуметтік нысан бой көтерді, оның ішінде облыстық медициналық, диагностикалық, перинаталдық, мүгедектерді оңалту және тағы басқа орталықтар бар.</p> <p>Спорт инфрақұрылымы нысандарының саны 3 есеге, денешынықтыру және спортпен шұғылданатындар саны 6 есеге артты.</p> <p>30 жыл ішінде 500 мыңнан астам бала дүниеге келсе, халықтың саны 592 мыңнан 824 мыңға дейін көбейіп, өмір сүру ұзақтығы 8 жылға артқан (64,4 жастан 72,79 жасқа дейін).</p> <p>Экономикамен қатар, азаматтық қоғамда ілгері дамып келді. Еліміз Тәуелсіздік алған жылдары облыста 15-тен аса қоғамдық ұйымдар тіркелсе, бүгінгі таңда олардың саны 994-ке жетті.</p> <p>Бүгінде өңір бірқатар көрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жеткізіп, күрделі проблемалар шешіліп келеді. Жұмыс жасап тұрған кен орындарының сарқылуына байланысты жаңа кен орындарын іздеу мақсатында биыл Арал теңізі акваториясының &laquo;Батыс&raquo; және &laquo;Шығыс&raquo; учаскелерін, сондай-ақ, Сырдария шөгінді бассейні аумағының бір бөлігін сейсмикалық барлау бойынша жоба-сметалық құжаттама әзірлеу аяқталады. 2022 жылы сейсмикалық барлау жұмыстарын басталатын болады.</p> <p>Индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығы (2020-2025 жж.)аясында құны 543 млрд. теңгеден асатын 46 инвестициялық&nbsp; жоба іске асуда, бұл өз кезегінде 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Биыл құны 45 млрд.теңгені құрайтын, қолданысқа түскенде 500-ге жуық жұмыс орны ашылатын 4 жобаны іске қосу жоспарлануда. Олардың қатарында Қызылорда қаласындағы шыны зауыты бар. Сонымен қатар, осы жылы Жаңақорған ауданында &laquo;Шалқия&raquo; кен орнында тау-кен байыту комбинатының және Арал ауданында кальцийленген сода зауытыныңқұрылысын бастауға дайындық жүргізілуде. Шиелі ауданында &laquo;Баласауысқандық&raquo; ванадий кен орнын игеру жұмыстары жалғасуда, осы жылдың желтоқсан айынан бастап ферромолибден өнімін өндіруді бастаймыз.</p> <p>Суармалы сумен байланысты проблемаларды ескере отырып, біз ауыл шаруашылығы өндірісін, әсіресе, егіншілікті әртараптандыруды және су ресурстарын тиімді пайдалануды мақсат етіп қойдық.Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес Қараөзек су қоймасын салу басталады (жалпы көлемі 775 млн.текше метр).</p> <p>Топырақтың қатты тұздануына байланысты суармалы жерлерде басқа дақылдарды тек күріштің ауыспалы егісінде сәтті өсіре аламыз. Сондықтан, күріш егісін қысқарта отырып, күріш өсірудің тиімділігін арттыруға жұмыс жасаудамыз. Биыл күріш егісін 89 мың гектардан 82 мың гектарға дейін қысқарттық. Су тапшылығына қарамастан өткен жылғы деңгейде (550 мың тонна) - 500 мың тонна&nbsp; (орташа өнімділік 59,8 ц/га) өнім алдық. Сонымен қатар, суландырудың ылғал үнемдеу технологияларын - аквагельдерді, жаңбырлатып суаруды, көшет әдісін енгізудеміз.</p> <p>Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Тұрақтандыру қоры жұмыс жасауда. Азық-түлік тауарларын өндірушілер және сауда субъектілерімен бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу туралы 300-ге жуық меморандумға қол қойылды, сондай-ақ, өндірушілер, көтерме жеткізушілер және ірі сауда желілерімен 13 монополияға қарсы комплаенс жасалды.Нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар тауарларға баға индексі бүгінде орташа республикалық деңгейден аспайды (облыс - 100,2%, ҚР-100,2%).</p> <p>Шағын орта бизнесті дамыту мақсатында Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі экономикалық даму Картасын жүзеге асыру жалғасуда. Бүгінгі күні жалпы құны 9,5 млрд. теңгеге 163 жоба (1,5 мың жұмыс орны құрылған) іске қосылды, оның ішінде биылғы жылы 74 жоба (2,3 млрд. теңге), 426 жұмыс орны құрылды.</p> <p>Қой, сиыр және жылқы етінен жасалған консервілер, күріш, қарақұмық ботқасы, жантақ балы,қауыннан жасалған чипсы және тағы басқалары өндірілуде.</p> <p><p>Ішкі нарықты өз өнімдерімізбен толықтыру мақсатында 2 пайызбен несиелеу бағдарламасын іске қостық. Ол мақсатқа облыстық бюджеттен 400,0 млн. теңге бөлінді </p><p>(348 млн. теңгеге 14 жоба қаржыландырылды)</p><p>. </p></p> <p><p>Кәсіпкерлікке көп балалы аналарды қамтып отырмыз </p><p>(олардың саны 26 мыңнан астам)</p><p>. </p><p>М</p>емлекеттік қолдау шаралары нәтижесінде шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 17 пайызға жетті.</p> <p>&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp; Спорт саласындағы жетістіктеріміз де жылдан жылға артып келеді. Биыл Қазақстан Олимпиада құрамасының ту ұстаушысы, боксшы ҚамшыбекҚоңқабаев қола жүлдегер атанды.</p> <p>Спортшыларымыз Әлем және Азия чемпионаттарында 66 медаль (24 алтын, 9 күміс, 33 қола), республика чемпионаттары мен кубоктарында 851 медаль (270 алтын, 245 күміс, 336 қола) жеңіп алды.</p> <p><p>Сыр елі &ndash; жыр елінде &laquo;Рухани жаңғыру&raquo; бағдарламасы сәтті жүзеге асуда.</p></p> <p>Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында &laquo;Тұғыры биік Тәуелсіздік&raquo; атты республикалық ақындар айтысы, Сыр сүлейі Кете Жүсіп Ешниязұлының 150 жылдығына арналған &laquo;Жырлансын, Тәуелсіздік жыр бұлағы&raquo; атты жыршы-жыраулар байқауы өткізілді.</p> <p>Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың &laquo;Ұлы даланың жеті қыры&raquo; мақаласын жүзеге асыру мақсатында халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері ретінде ІІІ томдық Сыр өңірі фольклоры антологиясының І томы &laquo;Жанқожа батыр&raquo; жарыққа шықты.</p> <p>Бұл жоба Президенттің &laquo;Тәуелсіздік бәрінен қымбат&raquo; мақаласын жүзеге асыру бағытында &nbsp;аймақтың даму белестерін насихаттайтын &laquo;Сыр елі&raquo; мегажобасы аясындағы маңызды жобалардың бірі.</p> <p>Биыл аймақта Ыбырай Жақаевтың 130 жылдығы аталып өтіп, Жалаңтөс Баһадүрдің 445 жылдығына орай Қазалы ауданында ескерткіші орнатылады. Келер жылы &laquo;Халық қаhарманы&raquo; Роза Бағланованың 100 жылдығына орай Қызылордада әсем ескерткішібой көтермек. Сондай-ақ, тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау мақсатында ежелгі Бәбіш мола және ортағасырлық Жанкент, Сығанақ қалашықтарына қазба жұмыстары жалғасуда.</p> <p>Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың &laquo;Тәуелсіздік жылдарындағы жетістікті бір ғана Қызылорда облысынан көруге болады&raquo; деген сөзі міне, бүгінгі Сырдың келбетін дәлелдеп тұр.</p> <p>Бүкіл түркі әлеміне ортақ тарихи тұлға, философ, абыз Қорқыт Атаның &laquo;Ауыр жүктің мехнатын тұғыр емес, тұлпар білер&raquo; дегеніндей, тәуелсіз еліміздің жүріп өткен жолыкемеңгер Көшбасшының кемел істерімен тығыз байланысты екенін жас ұрпаққа жеткізіп отырудың маңызы зор.</p> <p>&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp; Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі мерекесі құтты болсын!</p> <p>&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp; Елі сүйген, елін сүйген кемеңгер Елбасымыз аман болсын!</p>

Еще новости региона