ТҮРКІСТАН: ЗАҢСЫЗ КАРЬЕРЛЕР ЛИЦЕНЗИЯСЫНАН АЙЫРЫЛАДЫ: Туркестанская область, 05 Августа 2021 года - новости на сайте gurk.kz

ТҮРКІСТАН: ЗАҢСЫЗ КАРЬЕРЛЕР ЛИЦЕНЗИЯСЫНАН АЙЫРЫЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, өңірдегі барлық карьерлер жаппай тексерілуде. Заңсыз жұмыс істеп жатқандарының лицензиясы алынады. Түбегейлі шешімге тұрғындардың талап-тілектері түрткі болды. Қазығұрт тауының бөктерінде орналасқан елді мекендердегі құрылысқа тас, құм қазып алатын карьерлердегі жарылыстар зақым келтіруде. Карьерлердің кесірінен ауылдарда ауыз су мен ағын су азайып, таудағы бұлақтар тартылуда. Әзірге Түркістан облысы әкімдігінің күш салуымен жарылыстар тоқтатылды.

«Бұл – үлкен жеңіс, өйткені дәл осы карьерден жылдар бойы халық зардап шегіп келген. Ең басты мәселе – су төңірегінде көтерілсе, яғни, карьердің жұмысын, тоқтату, шектеу және де басқа да сұрақтары. «Шымкент цемент» АҚ зауытына   хат жолдадық. Бүгінде  қаралып жатыр. Ресми хаттың жауабын күтіп отырмыз. Егер де табиғатқа, экологияға, мәдени мұраға зиян тудыратын болса, онда біз оны мәжбүрлі түрде тоқтату процесін алдағы уақытта жүргізетін боламыз. Яғни, заң жүзінде. Заңның шетінен шықпай, өзімізге берілген құзырет шегінде барлығын рәсімдеп жүргізіп отырмыз», – деді Түркістан облысы инвестиция және экспорт басқармасының басшысы Қайрат Әзімов.

«Төлеби ауданына қарасты Ақбастау елді мекенінде Шымкент қаласындағы цемент заводына тиесілі тас алатын 2 карьер орналасқан. «Северный»  карьер жұмысын 1957 жылдан бастаған. Жалпы 105 гектарда  орналасқан.  Ал  «Южный» карьерлер жалпы 119 гектарды құрап отыр, 2009 жылдан пайдалануда. «Северный» карьерін қазіргі таңда  пайдалануы +877 метр тереңдікке жетті. Тұрғындардың наразылығы карьерлер  қазған кезде  пайдаланатын жарылыстар  елді мекендердің тұрғын үйлерге зақым келтіруде, ауылда ауыз су мен ағын су азайып барады. «ШымкентЦемент» басшалығына  27 тамызға дейін жарылыс  жұмыстарын тоқтату жөнінде талап қойылды. Ақбастау елдімекенінде 3 бұлақ бар. Олар, Қотырбұлақ, Ажарбұлақ, Жаманбұлақ. Қазіргі таңда су көзінің дебеті өте төмен. Бүгінде тұрғындар тек қана Қотырбұлақтың суын пайдалануда. Қалған екі бұлақтың  суын күз айынан бастап пайдаланатын болады. Біздің тарапымыздан тиісті хаттар жолданды», – деді Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев.

Бұл мәселе бойынша жарылыстардың  зияндығын анықтау үшін Түркістан облысы бойынша экология департаментіне, ҚР ТЖМ өнеркәсіптік  қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы  бойынша департаментіне, ҚР АШМ СУ ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал – Сырдария  бассейндік инспекцияға, Оңтүстік Қазақстан Гидрогеологиялық мелиоративтік экспедицияға тиісті хаттар жолданған.

Төлеби ауданына қарасты Ақбастау елдімекені ауызсуды үш бұлақ көзінен тұтынады. Елді мекен аумағынан «Шымкент цемент» зауыты өз өндірісіне қажетті өнеркәсіптік шикізатты (тас алу) жарылыс жасау арқылы алады. Қазіргі таңда  тас өндіріліп жатқан «карьердің» тереңдігі 1000 метрге дейін төменге түсіп кеткендіктен, бұлақ көздерінен қашқан су карьердегі шұңқырға құйылады. Сала мамандарының айтуынша, оны шикізат өндіруші мекеме техникалық су ретінде насос арқылы сыртқа тоқтаусыз ағызуда. Техникалық су деп аталу себебі – жарылыс арқылы өндірістік шикізат алғандықтан, бұлақ көзінен қашқан сулар халық тұтынуға жарамсыз деп есептелінеді. Қазіргі таңда Қотырбұлақ су көзінің дебеті 40-50 пайызға азайған. Ажарбұлақ су көзі дебеті 60-70 пайызға, ал Жаманбұлақ су көзінің дебеті 70-80 пайызға азайып отыр.

Жалпы, елдімекенге тәулігіне 24 сағат бойы су берілуде.  Алайда су дебетінің аздығына байланысты кейбір көшелерге су түнгі кезеңде көтерілуде. Елді мекенде ағын судың болмауына байланысты тұрғындар бау бақшаларын құбыр суымен суарады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Источник: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

Комментарии

gurk.kz

Еще новости региона