Талдықорған қаласының әкімі Ғ.Әбдірайымов: «Президенттің тапсырмасын біз жұмыс барысында бұлжытпай орындауымыз керек»

Талдықорған қаласының әкімі Ғ.Әбдірайымов: «Президенттің тапсырмасын біз жұмыс барысында бұлжытпай орындауымыз керек».

Бүгін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тұңғыш рет Парламент палаталарының бірлескен отырысында, Қазақстан Республикасының Президенті ретінде Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Аталған Жолдауда ішкі саяси мәселелер, мемлекеттік институттардың рөлін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері қамтылды.

Қасым-Жомарт Кемелұлының еңбек өнімділігін арттыру, инновацияны дамыту, жасанды интеллекті жаһандық дамудың негізгі факторларына айналдыру жайлы айтқаны заманға сай деп білемін. Еңбек өнімділігінің нақты өсімін кем дегенде 1,7 есеге арттыруымыз керек деген Президенттің тапсырмасын біз жұмыс барысында бұлжытпай орындауымыз керек.

Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлық жайлы айтып, оның әлі де күн тәртібінен түспей отырғанын айтуы да орынды. Ал үкіметке тарифтер және бағаны тұрақтандыру саласына көп мән беруді тапсырды. Біз осы орайда қазіргі күні коммуналды базарға қосымша жәрмеңкелер ұйымдастырсақ, енді 2020 жылы тағы бір коммуналды базардың үлгісін қарастырудамыз.

Қ.К.Тоқаевтың Жолдауы Парламент мүшелері үшін де, жалпы қоғамның дамуы үшін де алдағы кезеңде атқарылуы тиіс жұмыстарға нақты бағыт-бағдар болатынына сенімдімін.

Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов.

Источник: https://taldykorgan.gov.kz/

Еще новости региона