«Талдықорған - сүйікті қалам!» атты жаңа кітаптың тұсаукесер салтанатты шарасы өтті
2020 жылғы 24 қыркүйек күні Оқушылар сарайында Талдықорған қаласының «Қала күні» мерекесі қарсаңында «Талдықорған - сүйікті қалам!» атты жаңа кітаптың тұсаукесер салтанатты шарасы өтті. Бұл кітап Талдықорған қаласы әкімдігінің қолдауымен жарық көрген «Тарихы терең Талдықорған», «Тұңғиық сыр тұнған қасиетті Талдықорған», «Тарихымен тағдырлас - Талдықорған» кітаптарының жалғасы болып табылады. Талдықорған - сүйікті қалам! кітабының тұсаукесерін Талдықорған қалалық мәслихаттың хатшысы Ахажан Темірболат Жанболатұлы, Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақшабай Керімбеков, Қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Мейрембаев Жексембай Арғынғазыұлы және Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Арзанбекова Сәуле Аманбайқызы атқарды.
Сонымен қатар, тұсаукесер рәсімінен кейін қалалық жалпы білім беру мекемелерінің және балабақша басшыларын Талдықорған қаласы аумағында көрсетілген қайырымдылық істер мен игі шараларға ат салысып, денсаулық сақтау мекемелеріне қажетті құрылғыларды алуда қосқан зор үлесі, өскелең ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім берудегі еңбектері үшін Талдықорған қаласы әкімінің «Алғыс хатымен» және «Талдықорған - сүйікті қалам!» жаңа кітабімен марапаттады. Мерекелік шара соңы «Талдықоған әуендері» халықтық, фольклорлық – этнографиялық ән-би ансамблінің мерекелік концертімен өз жалғасын тапты.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -