Талдықорғанда Семей ядролық сынақ палигонының жабылғанына 28 жыл толуына орай еске алу шарасы өтті.

Талдықорғанда Семей ядролық сынақ палигонының жабылғанына 28 жыл толуына орай еске алу шарасы өтті.

Талдықорғанда Семей ядролық сынақ палигонының жабылғанына 28 жыл толуына орай еске алу шарасы өтті.

Талдықорғанда Семей ядролық сынақ палигонының жабылғанына 28 жыл толуына орай еске алу шарасы өтті.

Салтанатты шараға Семей ядролық сынақ палигонының зардабын жоюға атсалысқан ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиналған қауым алдымен «Даңқ» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, сынақ зардаптарынан көз жұмғандардың рухына тағзым жасады.

Ескерткіш алаңында қалалық мәслихаттың хатшысы Ақажан Темірболат, Алматы облыстық «Семей полигоны» мүгедектер және ардагерлер ұйымының төрағасы Толыбек Данабеков сөз алып, атаулы күннің маңызына кеңінен тоқталып өтті. Елдің амандығын тілеп, жылы лебіздерін жеткізді.

Осыдан кейін салтанатты шара оқушылар сарайында жалғасын тауып, ол жерде қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділет Рымтаев Семей сынақ палигонының ардагерлеріне алғыс хат табыстады. Атаулы шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Алматы облыстық «Семей полигоны» мүгедектер және ардагерлер ұйымының төрағасы Толыбек Данабеков:

— Жарылыстан зардап шегіп, құрбан болған жандарға басымызды иеміз. Бізде ядролық сынақтың қайғысы мен қасіретін өз көздерімен көріп, бар ауыртпалығын бастарынан өткерген бірнеше ардагеріміз бар. Атап айтсақ, олардың саны Алматы облысында150-ге жуық, Талдықорған қаласында 50-ден асады. Барлық ардагерлерді төл мерекелерімен құттықтаймын.

Айта кетейік, КСРО кезінде 1949 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигонында тұңғыш рет атом бомбасы сынақтан өткізілген болатын. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. Семей сынақ полигонында жүргізілген жарылыстардың салдарынан миллиондаған адам дертке ұшырап, бақилық болды.

1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын жабу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада – Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Араға тура 42 жыл салып қана — 1991 жылы зұлматты сынақтарға нүкте қойған «Семей сынақ ядролық полигонын жабу туралы» Президент Жарлығы шықты. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.



Источник: https://taldykorgan.gov.kz/



Еще новости региона