Таразда 45 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді: Жамбылская область, 09 Октября 2021 года - новости на сайте gurk.kz

Таразда 45 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

Таразда 15 шағын ауданда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерген 5 қабатты үй пайдалануға берілді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қоныс той иелерін құттықтады.

Тұрғын үйдің құрылысы өткен жылы басталған болатын.  Жоба құны – 442,405 миллион теңге. Бас мердігер – «Бином» ЖШС. Тұрғын үй барлығы екі бөлмелі 45 пәтерден тұрады.

Бұл күні жаңа пәтердің кілтіне ие болғандардың қатарында жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар, толық емес және аз қамтылған отбасылар, басқа да әлеуметтік осал топтағы азаматтар бар.

- Елімізде қолжетімді баспана мәселесін шешуге айрықша көңіл бөлінген. Бұл ішкі саясатымыздың басым бағыттарының бірі. Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында облысымызда мыңдаған отбасы баспанамен қамтылды. Биыл 50 көппәтерлі үйді пайдалануға беру жоспарланса, оның 32-сі берілді.  Біздің облыста тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін тиімді шешу мақсатында «Асарлатып үй салу» жобасы белсенді іске асуда. Жыл соңына дейін жамбылдықтардың күшімен 138 үй салынады, оның 15-і Таразда. Алдымызда қоныс тойлар көп. Бүгінгі қуаныш иелерін құттықтаймын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, - деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы өз сөзінде 15-шағын ауданда үлкен мектеп салынатынын айтты.

Бес баланың анасы Зәуре Жаңалақова 10 жыл бойы баспана кезегінде тұрғанын жеткізді.

- Балаларым жаңа үйге көшкенше асығуда. Бүгін менің отбасым үшін ең бақытты күн. Ел басшылығына қамқорлықтары үшін алғысымызды білдіреміз, - деді ол.

Балалар үйінің тәрбиеленушісі Элина Марченко да өз қуанышымен бөлісті.

- Мен бұл пәтерді 10 жыл бойы күттім. Шынымды айтсам, әлі сене алмай тұрмын, - дейді ол.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың 8 айында 372,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға артық.

Источник: КГУ «Аппарат акима Жамбылской области»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

Комментарии

gurk.kz

Еще новости региона