Таразда аналардың құрметіне арнайы орталық ашылды: Жамбылская область, 11 Октября 2021 года - новости на сайте gurk.kz

Таразда аналардың құрметіне арнайы орталық ашылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Таразда «Анаға тағзым» орталығы ашылды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен бой көтерген орталықтың алдына ақжаулықты аналардың құрметіне еңселі ескерткіш орнатылған. Нысан жергілікті демеушілердің көмегімен салынған. Мұндай орталық бұған дейін Ақтөбеде бой көтерсе, еліміз бойынша екінші болып Тараз қаласында ашылып отыр.

Салтанатты шараға ел анасына айналған танымал тұлғалар, белгілі азаматтарды өмірге алып келген ақжаулықтылар, спорт пен өнердегі нәзік жандылар, кәсіпкер әйелдер мен қоғам белсенділері қатысты.

Аймақ басшысы өткеннің өнегесін бүгінгі жас буынның бойына сіңіру керектігін айтып, орталықтың алдағы уақытта атқаратын жұмысына тоқталды.

- Қазақта «Анаңды Меккеге арқалап апарсаң да, оның алдындағы борышыңды өтей алмайсың» деген сөз бар. Сондықтан біз, бәріміз, ана алдында басымызды иеміз, оларды мәңгі құрметтейміз. Қандай заманда да абзал аналарымыз халықпен бірге, ерлеріне сүйеніш, тірек бола білген. Біздің тарихымызда беделді, елеулі ақжаулықты аналарымыз аз болмаған. Айша-бибі, Қыз Жібек, берісі Әлия мен Мәншүк секілді көптеген нәзік жандыларымыз ел өмірінде ойып тұрып орын алады.      Небір қиын-қыстау кезеңдерде аналарымыз тек отбасының ұйытқысы болып қана қоймай, ауырлықты еңсеруге белсене араласты.

Бабаларымыздан қалған «Әке ұлды тәрбиелейді, ана тұтас ұлтты тәрбиелейді» деген  асыл сөз бар.

Ана мен баланы қолдау, отбасылық құндылықтарды нығайту және дамыту – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі. Осы орайда пайдалануға беріліп отырған «Анаға тағзым» орталығы бір жағынан сұлулық пен ізгіліктің бейнесі, екінші жағынан тұтас еліміздің дамуына ұйытқы болар Қазақтың анасы деген атқа лайық, XXI ғасыр әйелінің қалыптасуына ықпал етеді деп ойлаймын.

Бұл жер әйел-аналарымыз мен қыз балаларымыз үшін ұлтымыздың құндылықтарын дәріптей отырып, қазіргі заманның талабына сай қасиеттерді бойына сіңіретін басқосу алаңы болады деп есептеймін. Осындай нысан салып берген «АрайСтройМаркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне үлкен алғысымды білдіремін,- деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, аймақ басшысы көпбалалы, аз қамтылған аналардың мәселелеріне құлақ түріп, оларды шешу жолындағы орталықтың атқарар қызметіне тоқталды. Ұсыныс, ой-пікірлер де барынша ескерілмек. Қажет болған жағдайда, жергілікті атқарушы орган өкілдері осында шақыртылып,  қабылдаулар мен кездесулер ұйымдастырылады.

ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құнанбай» фильмінде Абайдай кемеңгердің асыл әжесі – Зеренің рөлін сомдаған Нұрсифат Салықова  ақылман, данагөй ұлы аналардың ізгі жолын дәріптей отырып, жас ұрпаққа оның ішінде қыз балаларға рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбие беруді мақсат еткен орталық жұмысына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

- Орталықтың қызметі өткеннің өнегесін, тарихи-тағылымын жаңа заманның талабымен сабақтастырып, бүгінгі қазақ әйелінің озық образын қалыптастыруға бағытталып отырғаны қуантады. Ақылман аналардың тектілігін бүгінгі ұрпаққа үлгі етіп, бойыңа сіңіру жолындағы жұмыстар өз жемісін береді деп сенемін,-деді ол.

Көпбалалы ана Сапура Ержанова аналарға айрықша көңіл бөліп отырған мемлекет, облыс басшылығына деген ризашылығын жеткізді.

Бұдан соң қонақтарға ғимараттың құрылымы таныстырылып, қазақы дәстүрмен тұсау кесер рәсімі өтті.

«АрайСтройМаркет» ЖШС бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында сыйға тартқан үш қабатты ғимараттың барлық залы, дәлізі ұлттық нақышта безендірілген. Мұнда жас және көп балалы аналар үшін түрлі курстар ұйымдастырылып, психологиялық және құқықтық тұрғыдан жан жақты қолдаулар көрсетіледі.

Орталықтағы «Мирас» экспозициялық залында ұлттық салт-дәстүрлер барынша насихатталады. Ал, «Алқа» салтанат залы және «Інжу-маржан» әдеби-музыкалық қонақжай бөлемесінде ұлы тұлғалар мен ел мақтанышына айналған азаматтарды өмірге әкелген қайраткер аналардың және талантты нәзік жандылардың портреттері ілінген.

Сондай-ақ, «Сырғалым» сырласу клубы, «Ерке сылқым» хореографиялық залы, «Қызғалдақ» ұлттық экотәрбие клубы, «Сырлы әлем» бейнелеу өнері және «Ана тілі» шешендік өнер мектептері, «Қазына» ұлттық аспаптар сыныбы, «Ынтымақ» коворкинг залы, «Береке» аспаздық және «Бойтұмар» қолөнер және дизайн студиялары жұмыс жасайды.

Источник: КГУ «Аппарат акима Жамбылской области»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

Комментарии

gurk.kz

Еще новости региона