Тауарлармен электрондық сауда туралы!

Государственные учреждения Республики Казахстан

Тауарлармен электрондық сауда туралы!

ҚР Салық кодексінің 88-бабына сәйкес, уәкілетті ұйымдардың қолма-қол шетелдік валютамен жасалатын айырбас операциялары және тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркелуі қажет. Бұл ретте қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама табыс етіледі.

Осы хабарлама мемлекеттік кірістер органына жекелеген қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

Сонымен қатар, хабарламаныэлектронды түрде ұсынуды «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер базасында жүзеге асырылады.

М.Атманов, Талдықорған қаласы бойынша МКБ бас маманы



Источник: https://taldykorgan.gov.kz/



Еще новости региона