Темиртау қаласында “Тәуелсіздік бәрінен қымбат!” конференция-форумы өтті
Қазақстан республикасының тәуелсіздік қарсаңында Теміртауда “Тәуелсіздік бәрінен қымбат!”Конференция-форумы өтті.Қала әкімінің орынбасары Зияшев Самат Саятұлы қала тұрғындарды мерекемен құттықтап,жылы лебізін білдірді. Конференция-форумға әр түрлі салада еңбек етіп жүрген жерлестеріміз қатысып,өз ой-пікірлерін ортаға салды.Қазақстан Республикасының білім беру саласының үздігі,қоғам қайраткері Едгина Зура Елеусізқызы. №55524 әскери бөлімінің командирі, полковник Нұрболат Темірбекұлы Садуақасұлы, Қарағанды мемлекеттік университеті, 21 жалпы білім беру мектебінің тарих пәні мұғалімі Майданова Айнұр Рашидқызы, Қазақстан Республикасының журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, ақын Руза Жақыпқызы Алдашева, Қарағанды Индустриялық Университетінің «Жастар ісі жөніндегі комитет» төр ағасы Қалмырза Нұрсұлтан еліміздің өткені мен болашағы жайлы,тәуелсіздіктің мәні жайлы пікірлерін білдірді. Біздің басты мақсатымыз – осы тәуелсіздігімізден айрылмай, еліміздің көк байрағын өз ұрпақтарымызға ұластырып, әрқашанда тәуелсіз және егемен ел болуын сақтап қалу.Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп-қонып өмір сүрген ата-бабаларымыздың арманы болған Тәуелсіздік – Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -