Терроризм қатерлеріне жол бермеу
Терроризм қатерлеріне жол бермеу аясында Алматы студенттері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Кезекті іс-шара Республикалық жоғары медициналық колледжінде, С.Ж.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина колледжінде, Республикалық спорт колледжінде, “Сымбат” дизайн және технология академиясының колледжінде өтті.
Қалалық терроризмге қарсы комиссиясы аппаратымен ұйымдастырылған кездесулерге дінтанушы, исламтанушы, теологтар және тағы басқа мамандар шақырылды. Атап айтсақ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, PhD докторанты, дінтанушы – Елнар Берікбаев пен «Нұр-Мүбарак» университеті жанындағы терроризмге қарсы іс-қимыл академиясының директоры, теолог – Тимур Нүсіпханов қатысуымен бірқатар оқу орындарының студенттерімен кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында, тыңдаушыларға еліміздегі дін саласындағы нормативті құқықтық актілер туралы және Конституцияға сәйкес, діни көзқарасына қарамастан азаматтардың құқықтарының теңдігі мен діни бірлестіктердің заң алдында теңдігі жеткізілді.
Бұдан бөлек теріс идеологияны жақтаушылар жастарды өз қатарына қосу үшін ықпал ететін психологиялық әдіс-тәсілдер талқыланды және шет елде рухани білім алудың қауіптері мен күмәнді теологиялық оқу орындары айтылды.
Діни білімді әлеуметтік желілер, «Интернет» арқылы немесе кітап оқып жетілдіргісі келетін жастарға, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен рұқсат етілген ресми ақпарат көздерін пайдалану қажет екенін түсіндірілді.
Соңында, қатысушылар өзара пікір алмасып, алдын алу іс-шараларына қатысты ұсыныстарын білдірді.
Материал Алматы қаласы бойынша тероризмге қарсы комиссиясы
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
_____________________________________________________________
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -