Третья бронза – обзор четвертого дня Олимпиады: Город Нур-Султан, 26 Июля 2021 года - новости на сайте gurk.kz

Третья бронза – обзор четвертого дня Олимпиады

26 шілде. Бүгін құрама спортшылары ауыр атлетика, бокс, дзюдо, теннис, садақ ату, үстел теннисі, слаломды ескек есу, стенд ату сынды спорт түрінен өнер көрсетті. Күннің қорытындысы төмендегідей:

Ауыр атлетика

Әйелер арасындағы жалғыз жолдаманың иегері Зульфия Чиншанло екі жаттығудың нәтижесі бойынша 213 килоны еңсеріп, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Ал алтынды филиппиндік Хидилин Диас (224 кг) жеңіп алса, қытайлық Ляо Цюн (223 кг) күміс медаль еншіледі.

Бокс

Токио Олимпиадасында алғаш рет рингке шыққан Сәкен Бибосынов пуэрто-рикалық Янкиэль Ривера Фигероаны жеңіп (4:1) 1/8 кезеңге жолдама алды.

Дзюдо

Токио татамиіне шыққан тағы бір отандасымыз Жансай Смағұлов бәсекені үшінші кезеңнен аяқтады. 73 килода ел намысын қорғайтын Жансай Смағұлов екінші айналымда армениялық Фердинанд Карапетянды қосымша уақытта ваз-ари ұпайымен жеңген еді. Алайда келесі қарсыласы канадалық Артур Маргелидоннан қосымша уақытта дәл осы ваз-ари ұпайымен жеңіліп қалды. Айта кетейік, осыған дейін дзюдодан Елдос Сметов (60 кг) пен Ерлан Серікжанов (66 кг) өнер көрсетті. Алғашқысы құрама қоржынына бірінші жүлдені (қола) салса, кейінгісі екінші айналымда қарсыласқа жол берді.

Теннис

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина екінші айналымда швециялық Ребекка Петерсонмен ойнап, сенімді жеңіске жетті. Қорытынды есеп: 6:2, 6:3.

Елена Рыбакина теннистен Қазақстан әйелдер командасы сапынан Олимпиадада қалған жалғыз спортшы. Зарина Дияс, Ярослава Шведова мен Юлия Путинцева жарақатына байланысты бәсекені жалғастыра алмайды.

Садақ ату

Қазақстан ерлер құрамасы Үндістан құрамасына 6:2 есебімен есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды. Командалық бәсекеде еліміздің атынан Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин және Денис Ганкин аттанған еді. Енді бұл спортшылар 27-29 шілде аралығында жекелей сында жүлдеге таласады.

Стенд ату

Бұл спорт түрінің скит бағдарламасында бәсеке аяқталды. Бүгінгі сайыста Зоя Кравченко 113 ұпаймен 22-ші, Әсем Орынбай 111 ұпаймен 26-шы орынға жайғасты. Іріктеу нәтижесі бойынша алты спортшы ғана келесі айналымға өтеді.

Слаломды ескек есу

Өкінішке қарай, отандасымыз Александр Куликов ақтық сынға шыға алған жоқ. Жартылай финалда Александр 12-орын алды. Финалға алғашқы ондыққа кірген спортшылар қатысады. Айта кетейік, әйелдер арасындағы сында Екатерина Смирнова іріктеу кезеңінен өте алмаған еді.

Үстел теннисі

Кирилл Герасименко екінші кездесуде германиялық Тим Боллмен ойнап, 1:4 есебімен жеңіліп қалды. Кирилл үшін Олимпиада осымен аяқталды.

Қазақстан делегациясы 3 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 40-орында келе жатыр.

Источник: Министерство культуры и спорта Республики Казахстан

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

Комментарии

gurk.kz

Еще новости региона