В Жетысу создадут 8 СЗЦ свекловичного направления в этом году: Область Жетісу, 30 Апреля 2024 года - новости на сайте gurk.kz

В Жетысу создадут 8 СЗЦ свекловичного направления в этом году

Биыл Жетісу облысында  қант қызылшасы бағытында 8 сервистік-дайындау орталығы құрылуда. Ақсу, Сарқан, Алакөл, Көксу, Қаратал аудандарындағы бұл орталықтарға 62 бірлік техника сатып алуға 2,5 млрд. теңге қарастырылып отыр. Қазірдің өзінде шаруашылықтарға 22 дана сепкіш беріліп үлгерді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Жетісу» ӘКК ӨДИ» АҚ-ның мәліметіне қарағанда, осы жылда қант қызылшасы бағытындағы сервистік-дайындау орталықтарын құру жобасының жалпы құны 2 млрд. 514 млн. теңге, соның 1 млрд. 754 млн. теңгесі бюджет қаражаты болса, 760,2 млн. теңге «Жетісу» ӘКК қаражаты.

Атап айтқанда, сервистік-дайындау орталықтары Сарқан ауданында 3, Ақсу ауданында 2, Алакөл, Көксу, Қаратал аудандарында 1-1-ден құрылып, осы орталықтарға 35 шаруа қожалықтары біріктіріледі. Жаңадан құрылатын бұл СДО-ларға 62 бірлік техниканы сатып алу жұмыстары жүргізулуде, оның 28-і сепкіш, 19-ы комбайн, 15-і сабақ жинайтын машина. Бүгінгі таңда шаруаларға 22 дана сепкіш берілді.

Сатып алынатын  техника лизингке 10 жыл мерзімге, 2,5% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен және 2 жыл каникулдық кезеңмен ұсынылуда.

Еске салсақ, 2011 жылдан бастап 2022 жылға дейін Жетісу және Алматы облысында машина-трактор паркін жаңарту мақсатында 61 сервистік-дайындау орталықтары құрылып оларға жалпы сомасы 15 млрд. теңгеге 1 479 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы берілген.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Источник: Акимат области Жетісу

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

gurk.kz

Биыл Жетісу облысында  қант қызылшасы бағытында 8 сервистік-дайындау орталығы құрылуда. Ақсу, Сарқан, Алакөл, Көксу, Қаратал аудандарындағы бұл орталықтарға 62 бірлік техника сатып алуға 2,5 млрд. теңге қарастырылып отыр. Қазірдің өзінде шаруашылықтарға 22 дана сепкіш беріліп үлгерді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Жетісу» ӘКК ӨДИ» АҚ-ның мәліметіне қарағанда, осы жылда қант қызылшасы бағытындағы сервистік-дайындау орталықтарын құру жобасының жалпы құны 2 млрд. 514 млн. теңге, соның 1 млрд. 754 млн. теңгесі бюджет қаражаты болса, 760,2 млн. теңге «Жетісу» ӘКК қаражаты.

Атап айтқанда, сервистік-дайындау орталықтары Сарқан ауданында 3, Ақсу ауданында 2, Алакөл, Көксу, Қаратал аудандарында 1-1-ден құрылып, осы орталықтарға 35 шаруа қожалықтары біріктіріледі. Жаңадан құрылатын бұл СДО-ларға 62 бірлік техниканы сатып алу жұмыстары жүргізулуде, оның 28-і сепкіш, 19-ы комбайн, 15-і сабақ жинайтын машина. Бүгінгі таңда шаруаларға 22 дана сепкіш берілді.

Сатып алынатын  техника лизингке 10 жыл мерзімге, 2,5% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен және 2 жыл каникулдық кезеңмен ұсынылуда.

Еске салсақ, 2011 жылдан бастап 2022 жылға дейін Жетісу және Алматы облысында машина-трактор паркін жаңарту мақсатында 61 сервистік-дайындау орталықтары құрылып оларға жалпы сомасы 15 млрд. теңгеге 1 479 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы берілген.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Еще новости региона