«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
Абай облысында діни бірлестіктер басшылары мен өңірдегі түрлі конфессиялар өкілдерінің қатысуымен отырыс өтті.
Отырыста діни заңнама, теріс бағыттағы идеологияға қарсы іс-қимыл, жастар арасындағы діни сауаттылық деңгейін көтеру, этносаралық төзімділік пен конфессияаралық келісімді қалыптастыру сияқты бірқатар мәселелер талқыланды.
- Бүгінгі кездесуге облыста тіркелген барлық діни бірлестіктердің басшылары қатысып отыр. Өткен жылы Рухани келісім күнінде Абай облысында діни бірлестіктер жетекшілерінің клубын құру туралы келісімге келген болатынбыз. Алдағы уақытта да жас ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған іс-шараларды өткіземіз деп сенемін, - деді облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев.
Абай облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Мақсат Өмірханов кез келген азамат дінге қатысты сұрағы болса, орталыққа жүгіне алатынын айтты.
- Біздің орталықта әркім өзін толғандырған сауалдарын қойып, пікір білдіріп, кеңес ала алады. Біздің бәріміздің мақсатымыз ортақ - еліміздің гүлденуі, қоғамымыздың тыныштығы. Дін мәселелерін зерттеу орталығы өзара іс-қимыл диалогы үшін әрқашан да ашық. Біз көмектесуге және кеңес беруге дайынбыз. Орталық ақпараттық-түсіндіру, жат ағымдардан зардап шеккен тұлғаларды оңалту және интернеттегі теріс үгіт-насихат жұмысарына қарсы күрес бағыттарында жұмыс істейді, - деді ол.
Қатысушылардың әрқайсысы өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қатысты қажетті ақпаратты қамтитын тиісті жаднама алды.
Сондай-ақ, қатысушылар Абай облысында 50 этномәдени бірлестіктің, Абай ауданының Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің, аналар, журналистер клубының және конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған басқа да қоғамдық институттардың жұмыс істеп тұрғаны туралы атап өтілді.
Материал Абай облысының терроризмге қарсы
комиссиясы аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
______________________________________________________
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -