ЖЕЗҚАЗҒАНДА «ЕЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ» АТТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
23-маусым мемлекеттік қызметшілер күніне орай, Жезқазған қаласы әкімдігі мен Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында “Ел жанашырлары” атты Ұлытау облысының құрылғанына бір жыл толуына арналған облыстық спартакиада өтті.
Спартакиадаға Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалаларының, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының мемлекеттік қызметшілері, сонымен қатар облыстық басқармалар мен департаменттердің мемлекеттік қызметшілері қатысты. Спартакиада 7 спорт түрінен өтті. Қазақ күресі, жүзу, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, бильярд, волейбол және футбол.
Командалық есеп бойынша:1 орын - Жаңаарқа ауданының әкімдігі2 орын - Ұлытау облысының әкімдігі3 орын - Жезқазған қаласының әкімдігі иеленді. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -