Зорлық-зомбылық көрген әйелдер қайда жүгінеді?
Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырасаңыз, бұл туралы үндемей қоймаңыз. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында оның құрбандары немесе куәгерлері ішкі істер органдарына арызбен жүгінуі қажет.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 73-бабы бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін, ал олардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109 (ұрып-соғу), 110 (қинау), 131 (қорлау) баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Бүгін қалада, Талдықорған қаласының полиция Басқармасы, Жергілікті полиция қызметі, Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесі бар. Сенім телефоны: 8-7282-60-86-15 және 102.
Сонымен қатар, 2018 жылдан бастап Алматы облысы бойынша Талдықорған қаласында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен тұлғаларға көмек көрсетеді, консультативті-психологиялық және заңгерлік көмекті тегін ұсынып, қажет болған жағдайда жәбірленушілерді медициналық көмек көрсетілу үшін медициналық мекемелерге жібереді, уақытша баспана береді, осы ретте тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының толық қауіпсіздігі мен анонимділігін қамтамасыз етеді. Балалары бар әйелдер аталған дағдарыс орталығында бір айдан жарты жылға дейін бола алады. Сенім телефондары: «1301» және ұялы телефон арқылы 87282-28-00-05 Алматы облысы бойынша қоңырау шалу тегін немесе 8-7282-41-18-34 .
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -