40 ОТБАСЫ САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫМЕН ЖАЛҒА БЕРІЛЕТІН БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Шымкент қаласында баспана алу кезегінде тұрған 40 отбасы қоныс тойын атап өтті. Жаңа пәтерлердің кілтін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков табыстады.
Пәтерлер сатып алу құқығымен жалға берілетін баспана бағдарламасы аясында ұсынылды. Жаңа пәтер иелерінің қатарында көп балалы және толық емес отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар.
Бозарық шағынауданындағы жаңа көп қабатты үйлер инженерлік желілерге қосылған және қажет инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.
Айта кетейік, бағдарламаға қатысушылар үшін жалға берілген пәтерді кейіннен сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Пәтерлерді беру және тиісті құжаттарды рәсімдеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -











