Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғасуда
Ағымдағы жылдың 22 және 23 тамыз аралығында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Дін істері басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Конфессияаралық қатынастарды дамыту және талдау орталығы» КММ-нің қызметкерлері Петропавл қаласының пробация қызметінде есепте тұрған тұрғындарымен және Мамлютка қаласының тұрғындарымен профилактикалық іс-шара өткізді.
Діни экстремизмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде СҚО ДІБ Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкерлері А.Сериков, Н.Беков тұрғындармен террористік және экстремистік қызметке тарту технологиясы және Діни бірлестіктер заңнамасы тақырыптарында сөз өрбітті.
Аталмыш жиындардың басты мақсаты – облыс тұрғындары арасында діни сауаттылықты арттыру, діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризмге жол бермеу арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Сөз соңында спикер радикалды діни ағымнан сақтану жолдарын түсіндірді, ал тыңдаушылар болса өз кезегінде дін мәселелері бойынша сарапшыларға сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.
Материал ҚР ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -