Ақтөбеде діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы АТТ мүшелеріне арналған біліктілікті арттыру семинары өткізілді
2025 жылғы 5–6 қараша күндері Ақтөбе облысының Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өңірдегі дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізетін мамандардың біліктілігін арттыруға арналған семинар өткізілді.Семинардың негізгі мақсаты – діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының сапасын арттыру, мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіру және тәжірибе алмасу болып табылады.Іс-шара барысында қатысушылар дін саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, ақпараттық-коммуникациялық жұмыстың тиімді әдістерін меңгерді.Семинарға дәріскерлер ретінде теология ғылымдарының PhD докторы, «IHSAN» ғылым және мәдениет орталығының төрағасы Тимур Нүсіпханұлы Нүсіпханов, коммуникация саласының маманы Салтанат Қуанышқызы Оңғар, сондай-ақ Ақтөбе облысы Дін істері басқармасының бас маманы Мейрамбек Аманбекұлы қатысты.
Материал Ақтөбе облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -



















