Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйде өрт-тактикалық жаттығулар өткізілді
Облыс әкімі Асхат Шахаров қаланың көпқабатты тұрғын үй кешендеріндегі оқу-жаттығу барысымен танысты.
Өртке қарсы жиын 11-ші шағын аудандағы 25 қабатты тұрғын үйде өтті. Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, пәтер иелері жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде тұрғын үй кешенінің 12-қабатында құрылыс материалдарының жануы орын алады.
Жұмысшы қызыл жалынға оранған пәтерінен дереу босатып, есігін ашық қалдырып кетеді. 13-қабаттың тұрғыны түтіннің үдей түскенін көріп, өрт сөндіру бөліміне қоңырау шалды.
Шақырту орнына жеткен шұғыл жеткен өрт сөндірушілер №2 дәрежелі шақыртуды растап, адамдарды құтқаруға және өртті сөндіруге күштер мен құралдарды бір мезгілде бағыттай отырып, барлау жұмыстарын жүргізеді. Құтқарушылар тұрғындарды түтін баспайтын баспалдақ маршы, автосаты және алпинистік жабдық арқылы құтқарып, эвуакациялады.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – халық арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және нығайту. Төтенше жағдайлар орын алған сәтте тұрғындардың дұрыс әрекет етсе, адам өміріне қауіп төбейтінін жеткізу.
Жиында балаларға ерекше назар аударылды. ТЖМ қызметкерлері оларға өздерінің техникалары мен жабдықтарын көрсетіп, таныстырды. Сонымен қатар, оқу-жаттығу барысында ТЖ бөлімшелері адамдарды құтқару және эвакуациялау үшін қолда бар құралдардың түрлерін қолдана отырып, биік үйлердегі өрттерді сөндіру тактикасын пысықтады.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -