Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен өткен «Құқықтық сағатқа» еліміздің әр өңірінен 5000-нан астам адам қатысты
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың бастамасымен Қазақстанның бірқатар өңірлерінде «Құқықтық сағат» өтті. Осы іс-шара аясында Уәкіл құқықтық ағарту мақсатында тұрғындардың әртүрлі санаттарымен онлайн кездесулер өткізді.«Құқықтық сағат» барысында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілдері белсенді қатысты. Артур Ластаев Қарағанды, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының, сондай-ақ Ұлытау өңірінің тұрғындарымен әңгімелесті. Жиынға 10 және 11 сынып оқушылары, студенттер, кәсіпорын қызметкерлері, медицина қызметкерлері, ардагерлер, сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдері қатысты.«Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру басты міндет екенін бірнеше рет атап өтті. Біз әр адам өз құқығын түсінетін және оны қалай қорғауды білетін қоғамда өмір сүруіміз керек. Бірақ еліміздің әрбір азаматы таразыда азаматтың құқықтары мен бостандықтары ғана емес, оның міндеттері тұрғанын да түсінуі керек. Сол себепті құқықтық сауаттылық пен адам құқықтары туралы хабардар ету біздің институттың ең басты құндылығы мен міндеті», - деді Артур Ластаев.Сондай-ақ, ол әрбір азамат өзінің құқықтарының бұзылуы туралы хабарлаудың немесе кеңес алудың ыңғайлы және қолжетімді тәсілі – E-Otinish электронды жүйесі арқылы Уәкілге өтініш бере алатынын еске салды.«Құқықтық сағат» барысында Артур Ластаев кеңсе жұмысына тоқталып, өзіне және өңірлердегі өкілдерге күн сайын ондаған өтініштер түсетінін жеткізді. Алғашқы алты айда ғана 3 мыңнан астам арыз-шағым түскен.Уәкіл сондай-ақ кестеге сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді. 2024 жылдың 8 айында Омбудсменге 100-ден астам адам келді.Құқықтық білім беру – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі қызметінің негізгі бағыттарының бірі екенін атап өткен жөн. Осы жұмыс аясында 2024 жылдың 6 айында 64 мыңнан астам адам біліммен қамтылды.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -