Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай «24KZ»телеарнасының «Бетпе-бет» бағдарламасына сұхбат берді
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай «24KZ»телеарнасының «Бетпе-Бет» бағдарламасына Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу туралы сұхбат берді.Сұхбат барысында кезекті Президенттік жастар кадр резервінің мақсаты, оның ерекшеліктері мен кезеңдері, қатысушыларға қойылатын талаптары жайлы айтылды.Сонымен қатар, МҚІА төрағасы мемлекеттік қызметтің гибридті моделін қалыптастыру, мемлекеттік қызметке талантты жастарды және кәсіби мамандарды тарту, заманауи HR тәсілдерін енгізу, мемлекеттік қызметке қабылдауды және кадрлық процестерді цифрландыру жұмыстары, сондай ақ мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы айтты.
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -








