Аграрии области представили 110 тонн продуктов
Бүгін Талдықорған қаласындағы "Жастар" Спорт сарайының маңындағы алаңда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңеге облыс әкімі Бейбіт Исабаев барды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жәрмеңкеге облыстың 2 қала, 8 ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін әкелді.
Облыс басшысы тауарларын саудалауға келген азық-түлік өндірушілермен тілдесіп, қала тұрғындарымен де пікірлесті.
Жәрмеңкеде Алакөлдің балығы, Көксу мен Ақсудың қанты, Сарқанның балы, сол сияқты ет, сүт, шұжық, жеміс-көкөніс өнімдері, сол сияқты ұн, жармалар, өсімдік майы мен малдың майы, ұлттық сусындар және басқа да жалпы көлемі 110 тонна болатын 25 түрлі азық-түлік саудаланды.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотосуреттер авторы: Руслан Кадыров
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -