АЙМАҚ БАСШЫСЫ АСФАЛЬТ-БЕТОН ЗАУЫТЫНЫҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ
Бәйтерек ауданына қарасты Үлкен Шаған ауылының тұсында «Приоритет» жол-құрылыс компаниясының модульдік үлгідегі асфальт-бетон зауыты іске қосылды. Оның ашылу рәсіміне облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысты. Аймақ басшысына компанияның стратегиялық маңызы бар салада атқарған жұмыстары туралы баяндалып, ағымдағы жобалар жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.
Модульді зауытта 20 адам еңбек етеді. Жаңа нысанның артықшылығы кез келген құрылыс учаскесіне тез көшіруге болады. Жоба құны – 400 млн теңге. Мұнда сағатына 175 тонна өнім өндіріледі. Зауыттағы жұмыс үдерісі толық автоматтандырылған.
Кәсіпорынның ашылу рәсімінен соң облыс әкімі компания басшылығы пен еңбек ұжымын құттықтап, толайым табыс тіледі. Жол құрылысы саласында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.
«Приоритет» жол-құрылыс компаниясы «Атырау–Орал» автожолының 372–432 шақырым және 432–492 шақырым учаскелерін орташа жөндеу бойынша қос жобаны жүзеге асыруда. Мұнда ескі жолдың 29 шақырым бөлігі ресайклинг әдісімен қайта өңделеді. 120 шақырым жол қабаттарына ірі және ұсақ түйіршікті асфальтбетон төселеді. 18 аялдама павильоны орнатылады. Күре жол бойындағы жұмыстарға 110 техника тартылған. Асфальтты тікелей жұмыс жүріп жатқан аймақта өндіру логистикалық шығындарды айтарлықтай қысқартады.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -






