Аким области Нариман Торегалиев провел личный прием с населением области: Западно-Казахстанская область, 06 Ноября 2023 года - новости на сайте gurk.kz

Аким области Нариман Торегалиев провел личный прием с населением области

Облыс әкімдігі мен «Аманат» партиясының БҚО филиалы ғимаратында өткен кездесуге 30 батысқазақстандық келді.

Айта кету керек, өңір басшысының жеке қабылдауының негізгі мақсаты - тұрғындарды өтініштерін тыңдау ғана емес, олардың мәселелерін барынша тез әрі сапалы шешуге көмектесу. Себебі мұнда келген әрбір адам толғақты сұрақтарының нақты жауабын әкімнен аларына үміттеніп келді.

Қабылдауда халық түрлі мәселелерді көтерді. Олардың ішінде тұрғын үй, жұмысқа орналасу, ауылшаруашылық, су мәселелері, мемлекеттік қолдау алу сынды мәселелер қаралды.

Мәселен, Казталов ауданының тұрғыны Насибулла Хайырұлы Казталов ауданының әлеуметтік -экономикалық жағдайына бей-жай қарамайтынын білдіріп, соның ішінде, “Киров-Шежін” каналын тиімді пайдалану жолдары, яғни каналдың екі жағын пайдаланып кішігірім су қорын сақтайтын тоғандар жүйесін жаңарту, оларды қоршап, мал сурауға да тоған арқылы құдықтарды пайдаланып, Жайық суын үнемдеу сынды облыс әкіміне өз ұсыныстарын білдірді.

Тұрмыстық қатты қалдықтар мәселесін де қозғап, қатты қалдықтарды сорттап, тапсыратын қабылдау пункттерін ашу, облыс орталықтарында салынатын қоғамдық-әлеуметтік маңызы бар ғимараттарды көпфункционалдық кешен ретінде ұйымдастырып салу сынды мәселелерді көтерді.

Ал Қошан Қайырғалиұлы есімді тұрғын Подстепное ауылы мен қала арасында қатынайтын нөмірі 12 қоғамдық көліктің жүру бағытын өзгертіп, ауыл тұрғындарының қалаға қатынауын оңайлтау және ауыл ішіндегі трансформаторлардың ескі және ауылішілік жолдың мәселесі бойынша өз ұсынысын білдірсе, Орал қаласының тұрғыны Деркөл ПДП-2 “Сары-Арқа” шағын ауданына тұрғындардың қолжетімділігі үшін емхананың қажеттігі бойынша жүгінді.

Жеке бастарының шаруасын емес, елдің рухын көтеру, ауыл-аймақтың әлеуетін артыру, инфрақұрылымды дамыту бағытындағы ұсыныстар да айтылды.

Осылайша қабылдауға келген адамдардың мәселелері мұқият тыңдалып, шешімін қарастыру жайы жауапты басшыларға жүктелді.

Талдау нәтижелері көрсеткендей, мұндай қабылдауға келгендердің мәселесі оң шешім тапқан сайын оған атбасын бұрушылардың қатары да көбейіп келеді.

Источник: ГУ «Аппарат акима Западно-Казахстанской области»

Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка - https://t.me/gurkkz

Комментарии

gurk.kz

Еще новости региона