Ғаламтордағы жаман тордан сақтан, жас ұрпақ!
Атырау қаласында №13, №24 және №25 жалпы орта мектептерінің оқушыларымен «Ғаламтордағы жаман тордан сақтан, жас ұрпақ!» тақырыбында кездесу өткізілді.
Іс-шараға «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының директорының орынбасары Ербол Жаулин және теолог Елдос Оташбаев қатысты.
Мамандар әлеуметтік желілерде өздерінің теріс идеологияларын насихаттау мақсатында дәстүрлі дінімізді бұрмалап жүрген уағыздаушылар туралы ақпарат беріп, сақтану қажеттігін ескертті. Сонымен қатар ұлттық құндылықтардың сақталуының маңыздылығы түсіндіріліп жастарды жан-жақты білім алып, ел дамуына үлес қосар тұлға болуға шақырды.
Кездесу соңында арнайы сұрақтарға жауап берген белсенді оқушыларға блокноттар табысталды.
Сонымен қатар қатысушыларға брошюралар таратылып, ақпараттық-түсіндіру жұмысының сапасын бағалау мақсатында сауалнама өткізілді.
Материал Атырау облысы бойынша ҰҚК департаментінің
ақпараты негізінде дайындалды
_______________________________________________________________
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -