Алматы қалалық ПД-да жекеменшік күзет ұйымдарының басшыларымен кездесу өтті
Алматыда ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция мен жекеменшік күзет ұйымдары азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында ынтымақтастықты күшейтуде. Ағымдағы жылдың 09 қыркүйегінде Алматы қалалық полиция департаментінде қаладағы жекеменшік күзет ұйымдарының басшыларымен кездесу өтті. Жиынға ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен полицияның тиісті бөлімшелерінің өкілдері және күзет ұйымдарының басшылары қатысты.Кездесу барысында аталған органдары мен жекеменшік күзет ұйымдарының өзара іс-қимылын нығайту, күзет қызметтерінің сапасын арттыру және адамдар көп жиналатын, сондай-ақ балалар болатын нысандардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Әсіресе мектептерге, балабақшаларға, колледждерге, жоғары оқу орындарына, денсаулық сақтау мекемелеріне, сауда-ойын-сауық орталықтарына, базарларға және жаппай демалыс орындарына ерекше назар аударылды.- Балалар мен азаматтардың көп жиналатын нысандардағы қауіпсіздігі – басым міндеттердің бірі. Қауіп төнген жағдайда күзетшілердің кәсібилігі мен жедел әрекет етуге дайындығы қауіптің алдын алуға және дер кезінде әрекет етуге тікелей әсер етеді. Қазір біз күзетшілерді даярлау талаптарын күшейтіп, терроризмге осал нысандардағы жұмыс сапасына қойылатын жауапкершілікті арттырып жатырмыз. Полиция мен күзет ұйымдарының бірлескен жұмысы ғана азаматтарымыздың нақты қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады, – деді Алматы қаласы ПД күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Бахтияр Темірбеков.Кездесу барысында күзет ұйымдарының басшыларына күзет саласындағы заңнама талаптары ескертіліп, білім беру және денсаулық сақтау нысандарында жұмыс істейтін күзетшілердің жас шегін төмендету, сондай-ақ қызметкерлердің біліктілігін үнемі арттырып отыру қажеттігі талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша Алматы қаласында сенімді қауіпсіздік жүйесін құру мақсатында полиция мен күзет құрылымдарының өзара ынтымақтастығын одан әрі дамыту туралы келісімге қол жеткізілді.
ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментініңТерроризмге қарсы орталық бөлімі
Источник:
Подписывайтесь на наш Telegram канал, и будте в курсе всех важных событий, вот ссылка -




